Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы зымыран ұшырылатын алаңдарды ғана Ресей үкіметіне жалға беруді қалдырып, Байқоңыр қаласын Қазақстанның құзыретіне беру мәселесін көтерді. «Қызылорда өңірінен сайланған Парламент мүшесі ретінде жылына екі рет Байқоңыр қаласымен бірге Төретам, Ақай елді мекендерін аралап, халықпен, кәсіпкерлермен кездесеміз. Байқоңыр қаласында 70 мың халық тұрады. Оның 70%-ға жуығы – Қазақстан азаматы. 1995 жылдан осы кезге дейін Байқоңыр ғарыш айлағына байланысты 18 ратификация мен құқықтық акті қабылданған екен. Бүгін 19-шысын қабылдап отырмыз», - деп бастады сөзін депутат. Ол өкінішке қарай, Байқоңырда тұратын Қазақстан азаматтарының әлі де болса көптеген мәселесі шешілмегенін айтып, олардың бірқатарын Парламент Сенатының жалпы отырысында көтерді. «Бірінші, тариф өте қымбат. Екінші, Байқоңыр қаласында кәсіпкерлер несие алу үшін жерлерін жалдатуына байланысты банктегі ғимараттарды қоя алмайды. Біз бұл мәселені 10 жыл бойы көтері