Бізге тігін мәшінесінің арғы жағынан күлімсіреп қарап отырған сұлу келіншектің есімі – Дина. Дина - елордамыздағы көпбалалы аналардың бірі. Отбасы, ошаққасы деп біраз жылдар бойы бала өсіріп, жұмысты шетке алған. Бірақ кенжелері өскен соң, отырғаным болмас деп, жұмыс іздеп шығады. Абырой болғанда таныстары табанын тоздырмай, Астана қаласындағы«Халықты жұмыспен қамту» орталығына баруға кеңес береді. Ол жерде мамандар бірден орталықтағы бар бос жұмыс орындарын ұсынады. Бірақ Дина ханым оның ішінен өзіне ұнаған мамандықтың жоқ екенін айтады. Сонда кеңесшілер Динаға жаңа мамандықты оқытатын «Еңбек» бағдарламасына қатысуын сұрайды. Бұл бағдарлама аясында азаматтар 3 ай бойы қалаға қажетті, сұранысқа ие мамандықтарды тегін оқытып, оны сәтті аяқтағанда қолдарына 250 мың көлемінде қаражат (мемлекеттік грант) беріледі. Одан басқа, 3 ай бойы курсқа қатысушыларға 16 759 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Бұл ұсыныс Дина ханымның ойынан шығады. Дина Бекжанованың негізгі мамандығы мұғалім болғ