Бүгінде әлеуметтік желінің қоғамдағы рөлі артып келеді. Оның үстіне ғаламтормен тікелей байланысты мамандықтар да пайда болды. Соның бірі - SMM маманы. Әлеуметтік медиа маркетингі (қысқаша атауы SMM) мамандарына сұраныс жоғары. Назарларыңызға SMM маманының смартфонында міндетті түрде болатын 5 қосымшаны ұсынамыз. 1. Buffer iOS және Android Бірнеше аккаунтыңызды бір бағдарлама арқылы басқара аласыз. Facebook, LinkedIn, Google+ және Twitter - бір қосымшада. Өте ыңғайлы. Сондай-ақ Buffer-ден әр жарияланған посттың статистикасын көруге болады. Ал жаңартылған Buffer бағдарламасы Safari браузерімен біріктіруге болады. 2. Inshot iOS және Android Inshot - фото және видео өңдеуге арналған қосымша. Жаныңызда ноутбугыңыз болмаса, осы бағдарлама арқылы видеоны өңдеп, кесіп, музыка қойып, жылдамдығын азайтып не көбейтіп, мәтін жаза аласыз. Өзге қосымшалар секілді жұмыс үстінде жарнама көрсетіп уақытыңызды алмайды. Өңделген фото не видеоңызға қосымша логотипі жапсырылмайды. Оның