Инстаграмды әрлеу: Бұл не үшін маңызды? 1. Парақшаны әрлеу - бұл сіздің аккаунтқа кірген адамның көзіне көрінетін бірінші нәрсе. Осыны көргеннен кейін ғана ол сіздің парақшаңызға жазылатыны немесе жазылмайтыны туралы шешім қабылдайды.
2. Сауатты жинақы никнейм мен сипаттамасы дұрыс көрсетілген парақшаңызды іздеу жүйесінен жылдам табуға көмектеседі. Демек бұл сізге жаңа жазылушылар әкелуі мүмкін.
3. Парақшаны әрлеу - сіздің жазылушыларыңыздың қаншасы сіздің клиентіңізге айналатынына әсер етеді.
1. Никнейм (логин)
Сіз клиентіңіздің өмірін қиындатпай оңай, әрі түсінікті никнейм ойлап табыңыз. Сізді Instagram-ның іздеу жүйесінен оңай табуы керек.
Мына нәрселерден аулақ болыңыз: ● Коммерциялық сөздер: shop, official, online, com және тағы сол сияқтылары.
● Үш немесе оданда көп сөздерден тұратын никнейм.
Тыныс белгілері мен символдар (нүкте, астыңғы сызық). 2. Профильдің аты. Аккаунттың аты Instagram-ның іздеу жүйесіне байланыстырылады, сондықтанда сізді іздеп табу үшін негізгі кілт с