15 ақпан - көрнекті режиссер, КСРО халық артисі Шәкен Аймановтың туған күні. Шәкен Айманов – режиссер, театр және кино актеры, сценарист, КСРО халық артисі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ол 1914 жылы 15 ақпанда Баянауылда дүниеге келген. Шәкен (Шахкерім) Айманов бала күнінен жездесі әнші Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Болашақ режиссер ауыл мектебін бітіргеннен кейін Семейдегі педагогикалық техникумда оқиды. 1933 жылы Шәкен Айманов жазушы Ғабит Мүсіреповтің шақыртуымен М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының труппасына қабылданады. Ол театрға өмірінің 20 жылын арнады, жас актер болып келіп, бас режиссер мен көркемдік жетекшіге дейін өсті. Ол театр сахнасында Ақан сері, Қобыланды, Қодар, Керім, Алдар Көсе, Исатай, әлем драматургиясынан Кассио, Уәлиханұлы, Тихон, Сатин, Шадрин, Кидд, Бетт, Хлестаков, Кривенко, Гельпак рольдерін сомдады. Осылардың ішінде Отелло – Шәкен Аймановтың ең жарқын ролі. Англияда өткен Шекспирдің 400 жылдық