Кезінде Мысыр елінде бір жігіт болған екен. Жігіттің 8 досы бар екен. Тоғызыда жігітпен қоса ауыршаруашылық институтын бітіріпті. Институтты бітіріп, әскерге барып өз борыштарын орындамақ болыпты. Әскерге кетер алдын олар бір-біріне үәде беріпті. Олар әскерден кейін, кәсіп ашпақ болып шешіпті. Әскерден тоғызыда оралыпты. Содан кәсіпті бастар алдын, достар кәсіпті он адаммен бастамақ болыпты. Содан жолдастар бір-біріне:<< Бір адам тауып келіндер >>-депті. Олар көп іздейді. Бірақ таппайды. Сонда әлгі жігіт достарына:<<Мен таптым, оныншы Алла болады>>-деді. Достары келіседі. Олар түскен пайдадан 10 пайызын Алла жолына, ал 90 пайызын өзара бөліп алуды шешіпті. Сөйтіп кәсіптері жүріп, үлкен пайда әкеле бастапты. Содан Алла жолына түскен пайдадан 20 пайызын жұмсайтын болыпты. Сөйтіп пайда одан көп түсе бастайды. Сонда әлгі жігіт достарына келіп:<< Біз Алла жолына түскен пайдадан 50 пайызын жұмсайық>>-депті. Бірақ достары келіспей, бөлініп кетті. Жігіт өз айтқанын істепті. Алла оған байлықты еселеп беріпті. Содан бір күні бай болған жігіт Алла жолына тапқан пайдасын барлығын бермек болып шешіпті.Ол өз ауылына университет саламақ болыпты. Адамдар оған:<<Универститетке теміржол керек, көлік қатынауы керек>>-деген екен. Бай университетке керек заттың барлығын салыпты. Бір күні бай:<<Уа Алла, мен сенің қызметшінмін, менің бүкіл дүнием сенікі>>-депті. Сөйтіп бай бұл өмірден дәм тұзы таусылып өткен екен.