Салют жақындар! Өзімше "орынды сын" рубрикасын бастайын. Мұндай рубрика бастау ойыма келмейтін еді, егер керемет таңдардың бірінде кездейсоқ, Сейф ломбардының Insta аккаунты көзіме түспегенде. Аккаунт маған қызық болып көрінгені бекер емес, осыдан бір-екі жыл бұрын таныстарым біраз жұмыс істескен болатын. Сонымен профильдің түрі төмендегідей: Аталмыш ломбард Қазақстанның 18 қаласында ашылған, бөлімшелері алтын іздеп, Шиелі, Төретамға дейін жеткен ірі (біздің меркамен) компания. Өздерінің мобильді қосымшалары, Телеграм боттары бар. Бар болғаны үшін "+", ал олардың қалай жұмыс жасайтынын тексермедім. Ресми аккаунттары өте нашар. Биодағы ақпараттар тартымсыз, сүреңсіз. Бірде-бір смайлик қойылмаған, бұл өте үлкен "-". Смайликтердің құдреті туралы LeadsBridge командасы жасаған кейс арқылы танысып көрсеңіз болады. Сондықтанда эмодзилер өте маңызды. Компанияның логосын әр салған фотоға қоя беру, ең үлкен кешірілмес күнәлардың бірі. SMM деген осындай болады екен ғой деп сала бергенге ұқсайд