Бір халиф тұсында бір кедей адам өмір сүрген екен. Кедей адам өз отбасын асырау үшін қарыз алады екен. Күндерден-күндер өтіп кедейдің қарызы 500 алтын тиынға жетіпті. Қарыз берушілер одан өз қарыздарын сұрап келіпті. Кедей не істерін білмей, қаладағы бай саудагерге келіп, 500 алтын тиын қарыз сұрапты. Бай оған сұраған ақшасын беріпті. Айлар өтіпті. Бай кедейге өз қарызын сұрап келіпті. Кедей ақшасы жоқ екенін айтыпты. Бай бұған сенбепті. Оны қазиға(қазіргі тілмен айтқанда сот) алып баруды жөн көріпті. Екеуі қазиға келіпті. Кедей өз жағдайын айтсада, қази бұған сенбепті. Қази оны түрмеге отырғызуға үкім шығарыпты. Сонда кедей қазидан бір күн сұрапты. Ол үйіне барып, отбасына болған жағдайды айтпақ еді. Қази:<<Сен қашып кетерсін, болмайды>>-деп жауап қайырды. Кедей:<< Егер мен өз орныма кепіл қалдырып кетсем жібересіз бе?>>-деп сұрапты. Қази:<< Егер абыройлы адамды кепіл қылып қалдырып кетсен бәлкім жіберермін>>-депті. Кедей:<< Мен өз орныма кепіл қылып Мұхаммад (с.ғ.с) қалдырамын. Егер
Кедей жайлы әңгіме. Пайғамбар бізге бұл дүниеде қалай көмектеседі?
20 февраля 201920 фев 2019
4
2 мин