Басына іс түсіп, аяқ астынан алаяқ атанған әнші-композитор - Гауһар Әлімбекова сотқа дейінгі тергеу барысында елбасыға хат жолдап, көмек сұраған, деп хабарлайды Zakon.kz. Мемлекет басшысының атына жазған хаттың суреттері әлеуметтік желілерде тарады. Өнер иесі өзінің әлдебір алаяқ әйелге оңбай алданғанын жеткізген. Аталған хатта Әлімбекова кеше ғана үкім кесілген Феруза Ордабаева деген әйелдің айласының құрбаны болғанын айтқан. "Оралбаева Феруза атты азаматшаны 2009 жылдан бері танитын едім. Үнемі концерттеріме келіп жүретін, өнеріме тәнті жандардың бірі болғандықтан, кейін бір-біріміздің жиын-тойларымызға қатысып, араластығымыз арта түсті. “Адам аласы ішінде” дейді ғой, қанша уақыт танысам да, ол кісінің анық қандай екенін түсінбеппін", - деп жазған Әлімбекова. Әншінің айтуынша, ол жақсы араласып, құрбысындай болып кеткен Феруза Ордабаеваға қырықтың бел ортасына келседе, әлі күнге дейін баспанасының жоқтығын айтып мұңын шаққан. Әлгі әйел болса әкімдікте таныстарының бар
Гауһар Әлімбекова елбасыға хат жолдап, көмек сұраған
10 февраля 201910 фев 2019
62
2 мин