Келли Макгонигалдың кітабынан үзінді. Ерік күші. Дамыту мен нығайту жолдары.
Ерік күшін нығайтуды бәрі қалайды. Бірақ әлі күнге дейін басқалардың зерттеуін саралап, өз зерттеулерін жүргізіп осы тақырыпқа ғылыми-негізделген курс жасауға кіріскен оқытушы болған жоқ. Бұл дағдыны жаттықтыруға болатынын дәлелдеп және барлық ниет білдірушілерге оны дамыту тәсілдерін көрсетуді қолға алған оқытушы психолог, ғылым докторы Келли Макгонигал болды.
1953 жылы Монреалдағы Макгилл университетінің екі жас ғалымы Джеймс Олдс пен Питер Милнер бір егеуқұйрықты зерттеуге кірісті. Ғалымдар оның миына электрод ендіріп, сол арқылы тоқ берді. Олар басқа зерттеушілер егеуқұйрықтардың қорқыныш реакциясына жауап береді деп санайтын ми аймағын ынталандырмақшы болды. Алдыңғы мәліметтер көрсеткендей, зертханалық егеуқұйрықтар электр разрядтарынан тітіркеніп, мидың ынталану сәтін еске салатын кез келген нәрседен қашуға тырысқан. Бірақ Олдс пен Милнердің егеуқұйрығы тордың өзін тоқ соққан бұрышына орала