Лид Форма - бұл Facebook және Instagram жарнамаларына арналған формат. Бұл форматтағы жарнамалар түрі тұтынушыларға жаңалықтар тізбегін қарауды тоқтатпай, үш рет басып тапсырыс қалдыруға мүмкіндік береді. Бұл сізге сайтсыз және топтарсыз әлеуметтік желілерден арзан нәтижелер алуға мүмкіндік.
Мақалада жарнамалық кампанияны құру және қолдану туралы толық нұсқаулық, сондай-ақ конверсияның Лид Формаларын құру жөнінде ұсыныстар жазылған.
Lead Ads қалай жұмыс істейді?
1. Пайдаланушы тізбектен жарнаманы көреді.
2. Бір басу арқылы, толтырылған форманы ашады.
3. Құпиялылық саясатына келіседі және тапсырысты жібереді.
4. Сіздің сайтқа барады, кері қоңырау шалады немесе терезені жабады.
Форматтың артықшылығы
Табиғи. Яғни жарнама әлеуметтік желідегі тізбектен көрініп тұрған соң, оғаш болып көрінбейді. Жаранама екені қатты көзге ұрмай, тізбекте жарияланған өзге хабарламалар сияқты болып көрінеді.
Жылдам нәтижелер. Жарнаманың тиімділігі әлеуметтік желілердегі парақша мен профайлдардың болуына қарамайды. Парақшаларға адам жинап, контент салудың қажеті жоқ. Сіз сайт жасауға уақытыңызды үнемдейсіз, жарнаманы қосқаннан кейін келесі күні-ақ клиенттерге қол жеткізе аласыз.
Ең төменгі баға. Пайдаланушылар сайтты айналып өтіп, формадағы жолақтарды толтырып, үш рет басу арқылы тапсырыс жібереді. Оңайлатылған процестің арқасында конверсия көбейеді - клиенттерді төмен бағамен жинайсыз.
Жарнама кампаниясын құру
Сіз жарнамалық кампанияны екі жолмен жасай аласыз: Facebook бизнес-беті арқылы немесе «Жарнама менеджері» арқылы.
Бірінші әдіс - техникалық дағдыларды түсінбейтін, оңайлатылған жолы. Барлық интерфейс жеңілдетілген параметрлермен бір терезеге жинақталған. Мысалы, тапсырыс формасындағы жолақтар саны 20-дан 8-ге дейін азаяды, сіз жарнама орналастыратын жерлерді және ставка стратегиясын таңдай алмайсыз. Параметрлердің көпшілігін Facebook-ке басқаруға жібересіз, оларды былайша айтқанда автопилотқа қоясыз. Бірақ бұл кезде жарнаманың тиімділігі төмендейді.
Жарнама менеджері жарнама бойынша агенттіктер мен мамандар үшін құрылған.
Ads менеджер бюджетті едәуір тиімдірек игере алатын параметрлерге ие. Осы мақалада мен Facebook формаларын осы құрал арқылы қалай іске қосу керектігін айтқым келеді (бірақ барлық кеңестер екі әдіске тең қолданылады).
Жарнама басқарушысы арқылы жарнамалық кампанияны іске қосу үшін «Жарнамалық кабинетке» өтіп, «Жарнама жасау» түймесін басыңыз.
Жарнама кампаниясын баптау
Мақсаты (Цель)
«Генерация лидов» деген батырманы басып, жарнама кампаниясының атауын жазып қойыңыз.
A / B сынағы. Әртүрлі мақсатты немесе жарнамалық параметрлердің тиімділігін тексергіңіз келсе, А/Б сынағын таңдаңыз.
Бюджетті оңтайландыру. Бюджетті оңтайландыруды өшіріңіз.
Себебі ол қосылған кезде Facebook ықтимал тиімді жарнамаларды көрсетуге шектеу қоюы және барлық трафикті ең жақсы деп есептейді де бюджетті молырақ шығындайды (осылайша оған көп ақша жұмсайды). Бұған қоса, осы нұсқамен A / B сынағын өткізу қиын болады.
Жарнама тобы
FB парақша. Facebook-те компания парақшасын ашыңыз немесе бар біреуін таңдаңыз.
Аудитория. Клиенттердің географиясын, жасын, жынысын, демографиясын, қызығушылығын және мінез-құлқын көрсетіңіз. Бұл жағдайда аудиторияны тым тар таңдаудың қажеті жоқ, әйтпесе жарнамалар аз адамға көрсетіледі. Жасанды интеллект сіздің жарнамаңызға кім қызығатынын анықтап және ең керекті пайдаланушыларға көрсетеді.
Өзіңіздің немесе ұқсас аудиторияңызды « Индивидуально настроенная аудитория » бөлімінде «Создать» пәрменін таңдап, тиісті элементті таңдау арқылы тағайындаңыз.
Тұтынушы деректерімен кестені жүктеу арқылы клиенттік базаны қоссаңыз болады. Осындай файлды дайындауды үйрену үшін «Подготовка данных о клиентах» атты нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Сайтыңызбен, Facebook немесе Instagram-дағы жарнамамен қандайда бір әрекет жасаған адамдарға қайта жарнама жасауға да болады.
Сайттың пайдаланушыларын «Трафик с сайта» параметрін таңдау арқылы, сатыңызда болған адамдарға қайта жаранма жасауыңызға болады. Ол үшін ресурстың мекен-жайын және мақсатты талаптарды көрсетіңіз: барлық трафик, белгілі бір беттерге кірушілер немесе белгілі бір уақытты сайтта өткізген адамдар.
Клиенттеріңіздің кім екенін анықтай алмасаңыз, мүмкіндігінше кең аудиторияны таңдаңыз, кімнін өтінімдер қалдыратындарын көріңіз. Осы параметрлерді ескере отырып, өз аудиторияңызды тауып аласыз. Мысалы мен қосқан жарнамаға көбіне әйелдерден тапсырыс келіп түсті. Сондықтан мен жарнама аудиториясына өзгерістер енгізіп, таргетті әйелдерге қарай бағыттап жібердім.
Плейсмент (жарнама орны). Жарнамаларыңызды қайда көрсететінін анықтаңыз: Facebook тізбегінде, Instagram тізбегінде, Instagram Stories бөлімінде көрсетіңіз. Жарнамаларды мүмкіндігінше сәйкес форматқа бейімдеу үшін нақты орналастыруды таңдаңыз. Немесе «Автоматты орналастыру» опциясын белгілеңіз, сонда Facebook жарнаманы өзі ыңғайлы деп тапқан орындарға шығарады.
Бюджет және уақыт кестесі. Конкурстық стратегияда «Самая низкая цена» деген батырманы таңдаңыз, содан кейін Facebook ең төмен бағамен ұсыныс береді. Егер сіз конверсияның өзіндік құнын өзіңіз белгілесеңіз, жүйе арзан жолдарға жетуге болатын болса да, оның бағасын төмендетпейді.
Әрбір жарнама өтінімнен түскен пайдадан көп шығын кетпейтіндей етіп, күндізгі бюджетті бекіту керек. Орташа чек 30 мың теңге болсын, оның таза пайдасы 5000 және сатып алу бағасы 50% құрайды. Демек, баннерде 2500-теңгеден астам жұмсауға болмайды, ол ешқандай өзгеріс әкелмеді.
Оның үстіне, ең тиімді бюджетті дереу орнату керек. Егер оны жарнама көрсетіліп жатқан кезде өзгертсеңіз, парақшаңыз бұғатталып, немесе жарнама кампаниясы тоқатылуы мүмкін.
Бастапқы формада ең көп әрекет алғаннан кейін тексерістен өтуі керек. Осы кезеңде Facebook оны көрсету үшін неғұрлым тиімді болып табылатындығын анықтайды. Сондықтан, бір нәрсе өзгерту қажет болса, жаңа топты жасаңыз және іске қосыңыз. Былайша айтқанда жарнама кампаниясының параметірлерін жиі өзгертуге болмайды.
Сурет
Жарнаманың үш түрінен бірін таңдаңыз:
Бір сурет. Сапасы кемінде 1200 × 628 пиксел. Пішім 1: 1 немесе 2: 1, бірақ Instagram-ды тек қана жарнама көрсету орны ретінде таңдасаңыз, басқа форматтар да көрсетіле береді.
Бір бейне. 4: 5 пішімі.
Айналмалы галерея. Тек шаршы фотосуреттер немесе бейнелер.
Шаблондар. Барлық пішімдерде, бейнеден басқа, дайын кескіндерді пайдаланып бірнеше кескіннен анимация жасай аласыз. Ол үшін «Үлгілерді пайдалану» түймесін басып, мақсаттарыңызға байланысты ұсынылған бесеудің бірін таңдап, кадрларды суреттерді жүктеп, түрлі эффектілерді пайдаланыңыз.
Минимализм. Кескінді қажетсіз бөлшектермен жүктемеңіз, оған барлық артықшылықтарды немесе бірнеше өнімдерді орналастыруға тырыспаңыз. Егер сіз бір суретке қарағанда көбірек сурет көрсетуді қаласаңыз, «Кольцевая галерея» немесе «Видео» пішімін таңдаңыз.
Назар аудартыңыз. Басқа жарияланымдар арасында ерекшеленетін бейнелерді пайдаланып, пайдаланушыларды еліктіріңіз.
Жанды фотосуреттер. Тірі фотосуреттерге артықшылық беріңіз: олар бейнеленген суреттерге қарағанда пайдаланушы назарына тез ілігеді. Өйткені жандысуретер көбінесе сәндік элементтермен безендірілмеген қарапайым болғандықтан, қарапайым адамдардың сенімін ұялатады.
Мен пластикалық терезе жарнамасында жеті жарнаманы сынап көрдім. Олардың ішінде алтауы әдемі интерьері бар коллаждар. Және бір сурет табиғи нағыз, смартфонға түсірген сурет.
Эмодзи. Эмотикондарды пайдаланыңыз - олар көңіл аударады. LeadsBridge командасы екі бірдей Лид-Формаларын сынақтан өткізді, бірінші мәтінде бірінші эмодзи болды, ал екіншісінде жоқ. Алғашқы жарнама 2000% тиімдірек болды!
Лидо генерация формасы
«Параметрлер» мәзіріне өтіп, форма интерфейсінің қажетті тілін орнатыңыз.
Пайдаланушы енгізілген деректердің дұрыстығын тексеру үшін «Усиление намерения» тармағын қосыңыз. Бұл аз қызығушылық танытқан адамдарға көмектеседі. Немесе тағы қосымшаларды алу үшін «Повышения объема» жанына құсбелгіні қойыңыз.
Қысқаша ақпарат. Жарнаманы басқаннан кейін ашылатын қысқаша ақпаратты өшіріңіз немесе толтырыңыз. Ол өтінім формасының үстінде орналасқан және пайдаланушыны контактілерді жіберуге сендіруге көмектеседі.
Тақырып жасаңыз және мәтінді «тізім» немесе «параграф» түрінде жазыңыз. Тізім жұмыстың артықшылықтары мен кезеңдерін көрсете алады. Параграф форматында компания туралы немесе оның ұсынысы туралы толығырақ айтуға болады.
Суретті жүктеңіз немесе жарнамадағы суретті пайдаланыңыз. Ол барлық кейінгі терезелер үшін қолданылады.
Сұрақтар. Тақырыпты жазыңыз және толтыру үшін жолақтарды таңдаңыз. Кейбір деректер - жыныс, аты, тегі, телефон нөмірі, пошта - жеке бетінен автоматты түрде жүктеледі. Клиент қалған өрістерді өз бетімен толтыруы керек, сол себепті тек ең қажет нәрселерді қалдырыңыз. Конверсия өрістердің санына байланысты: талап етілетін әрекеттердің саны аз, неғұрлым ниетті адамдар тапсырыс қалдырады.
Қажет болса, негізгі жолақтарға «Балама сұрақтар» немесе «Шартты» сұрақтарын қосыңыз. Бірінші жағдайда сіз бірнеше жауапқа таңдау жасайсыз. Екінші - пайдаланушылардың бұрынғы сұрақтарға жауап беруіне байланысты оларды тағайындаңыз.
Құпиялылық саясаты. Жеке тұтынушы деректерін жинағандықтан, форманы құпиялылық саясатына сілтеме жасамай орналастыруға болмайды. Сондықтан оны «URL сілтемесі» өрісіне енгізіңіз. Егер сіздің әлі саясатыңыз жоқ болса, оны үлгіге сай жасаңыз және Google Docs қызметіне жүктеңіз.
Осымен болды, сізге тек жарнама кампаниясын қосу ғана қалды. Назарыңызға рақмет!