Сонымен өткенді жылды қорытындылап, алдағы жоспарларын бір пысықтап алатын ауыл әкімдерінің халық алдында есебі басталды. Кеше Жаңақорған ауданының əкімі Ғалым Махмұтбайұлы Əміреев жəне Келінтөбе, Қаратөбе, Қандөз, Көктөбе ауылдық округінің əкімдері сонымен қатар, Жаңақорған аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Айбол Жолдасбаев, Жаңақорған ауданы бойынша салық басқармасының басшысы Берик Ниеталиев ауыл тұрғындарына 2018 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.