Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Жер бетінде қанша халық, қанша ұлт болса соншама сенім, соншама мүдде бар. Осы тұрғыдан келгенде, ұлттық БАҚ қызметінің жұртшылықты қоғамның шынайы ақпараттарымен қаруландырып, алғы күнге айқын жол, анық бағыт сілтер құндылығын ешкім жоққа шығара алмаса керек. Қазақ баспасөзінің қараорны саналар, қазығын қадағанына 100 жыл толып отырған «Егемен Қазақстан» газетінің туған ұлты үшін мән-маңызы осындай.