Ғажап! - дедім көз алдымдағы көріністі сипаттайтын басқа эпитет таппай. Әдеттегіден көп әрі жарық түнгі аспандағы жұлдыздар мені баурап алды. Мен мындалап жымыңдап, өздеріне шақырып тұрғандай. Сол жұлдыздарға қарап өткен шақты көріп тұрғанымды ойлаған сәтте жаңағы тамсанған сезім еселене түседі. Иә, егер, өткен шақты көргің келсе, аспанға қара! Тап қазір біз көріп жүрген түнгі аспан көрінісі шындығында мүлдем ондай емес. Миллиондаған жарық жылы қашықтықта орналасқан жұлдыздардың сәулесі бізге жеткенше миллион, тіпті, миллиард жыл өтеді. Сондықтан, біз аспанға қарағанда кейбір жұлдыздардың миллион жыл, кейбірінің миллиардтаған жыл бұрынғы проекциясын көреміз. Көріп жүрген жұлдыздар қазіргі сәтте өз өмірін аяқтап, сөніп қалған да болуы мүмкін. Осыны ойлаған соң ғаламның үлкендігіне таңғаласың. Біз бұл ғаламда жәй ғана шаң секілдіміз... Осындай ойлар мені шырмап бара жатқан кезде кенет ойымды "Сүйіктім!" деген сыңғырлаған дауыс бөлді. Артыма бұрылдым. Қызым маған жымия мен түнгі көрініске қарап тұрған балконға шығып келе жатыр екен. Терең ойлана жоғарыға қарап тұрған менің қасыма келіп мені құшақтап алды.
- Не ойлап тұрсың, жаным?
- Жәй, мына ғаламның қаншалықты үлкен екенін және біз онда өте кішкентай екенімізді ойлап тұрмын.
- Қаншалықты кішкентаймыз?
- "Менікі" сияқты. - дедім жымия.
Қызым мырс етіп күліп жіберді де:
- Онда менің қара құрдымыма өз жұлдызыңды салуға қалай қарайсың? - деді қулана күліп. Ыгі-гі-гі-гі дедім метафорамен меңзеген қызымның ұсынысына мамбеттерше күліп, басымды изеп. Қызым мені қолымнан ұстап балконнан үйге қарай сүйрей жөнелді. Төр бөлмедегі екі адамдық тегіс жиналған кереуетке екеуміз құлай кеттік. Ол менің көзіме, мен оның жүрек тұсына қараған күйі ләззәттің тереңіне бата бергенде "Ей, иттің баласы" деген таныс жуан дауыс анық естілді.
- Ептібайымайт, саңыраусың ба? Шеш ана наушник пен әшкиіңді - деп пақаным есікті теуіп ашып. Пақанымның даусын естіген мен көтім дір ете түсіп, кеше ғана сатып алған VR шлемді шешіп, романтикалық симулятор ойынынан реалия әлемге қайта оралдым.
- Ана қоқыс өз - өзін төге ма? Кет бар, төк!
Тасым салбыраған күйі екі пакетті алып үйден шығып кеттім. Екі пакеттегі қоқыс және мен, барлығы үш қоқыс болып контейнерге қарай бағыт алдым. 50 метр жүріп келіп 3 метр қалғанда контейнерге екі пакетті лақтырып кеп жібердім. Менен баскетболшы шықпайтынын түсіндім. Шашылған қоқыстарды қайта жинап енді сала бергенде "Жаным!" - деген виртуалды ойындағы қыздың даусы естіліп, қыздың проекциясы көз алдымда кенет пайда болды...
Жалғасы бар...