Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

БІР КҮН КЕШІККЕН «НАР ҚАЗАҚ»

Белгілі жазушы, кинодраматург, Қазақстан жазушылар одағының хатшысы , Баққожа Мұқайдың досы , Смағұл Елубаев : Кез-келген жазушыны айналып өте алмайтын үш сөзі болады. Оның бірі-мақтау сөз, бірі-даттау , бірі – жоқтау сөз. Бәкеңнің  бағы  сол даттау сөзді естімеді. Тағы бір бағы мақтау сөзді көп естіді. Ендігі , тағы бір бағы ел болып жоқтау сөз айтып жатыр. Біз сияқты 40 жыл болған достар үшін жоқтау сөз үзілмейді екен. Бәкеңнің 60-қа келгенде , бір ай бұрын өзіміздің мақтау сөзімізді қағаз бетіне түсірдік . Қағазға түсіріп болғаннан кейін , үйіне хабарлассам төсек тартып жатып қалды деген хабар естідім. Қиын жағдайда екенін білсемде досыма арналған « Нар қазақ» атты үлкен мақаламды ең болмағанда оқып берейін деп ниеттеніп төсекке бас қойған сәтім сол еді.  Таңғы сағат 5.00-те Баққожа жүріп кетті деген қаралы хабар келді. Сол бір өкінішім Баққожаға арнаған ақжарлы сөзімді көзі тірісінде жеткізе алмағаныма , бір күнге кешіккеніме әлі күнге дейін өкінемін. Өйткені, бала ке
 фото:Баққожа Мұқай
фото:Баққожа Мұқай

Белгілі жазушы, кинодраматург, Қазақстан жазушылар одағының хатшысы , Баққожа Мұқайдың досы , Смағұл Елубаев :

Кез-келген жазушыны айналып өте алмайтын үш сөзі болады. Оның бірі-мақтау сөз, бірі-даттау , бірі – жоқтау сөз. Бәкеңнің  бағы  сол даттау сөзді естімеді. Тағы бір бағы мақтау сөзді көп естіді. Ендігі , тағы бір бағы ел болып жоқтау сөз айтып жатыр. Біз сияқты 40 жыл болған достар үшін жоқтау сөз үзілмейді екен. Бәкеңнің 60-қа келгенде , бір ай бұрын өзіміздің мақтау сөзімізді қағаз бетіне түсірдік . Қағазға түсіріп болғаннан кейін , үйіне хабарлассам төсек тартып жатып қалды деген хабар естідім. Қиын жағдайда екенін білсемде досыма арналған « Нар қазақ» атты үлкен мақаламды ең болмағанда оқып берейін деп ниеттеніп төсекке бас қойған сәтім сол еді.  Таңғы сағат 5.00-те Баққожа жүріп кетті деген қаралы хабар келді. Сол бір өкінішім Баққожаға арнаған ақжарлы сөзімді көзі тірісінде жеткізе алмағаныма , бір күнге кешіккеніме әлі күнге дейін өкінемін. Өйткені, бала кезімізден бері дос болдық… Баққожаның артында қалдырған екі мұрасы бар . Біріншісі – бала-шағасы болса, екіншісі – туындылары болмақ . Бүгін Бәкеңнің екі мұрасын да , мақтауға лайық,» — дейді досы.

Күн тәртібіндегі тақырыптарды қозғаған спектакльдер қай кезеңде болған. Соның бір , қара шаңырақ М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында   жазушы, журналист Баққожа Мұқайдың 70 жылдық мерейтойына арналған спектакль – «Сергелдең болған Серілер». Бұл қойылымда мансап пен махаббат жолындағы өмір,  сұрбойдақтардың тауқыметі , әйел мен ер адамдардың теңдігі сынды  қазіргі таңда өзекті де , өміршең қоғамдық  тақырыптарды қозғайды.  Тағдырында өмірлік жар іздеуде көп қателіктерге бой ұрып, небір қызықтарды өткерген  басты кейіпкер Сайра мен Айжан рөліндегі  Шынар Жанысбекова мен Данагүл Темірсұлтанова сахна тілімен әдемі жеткізе білді.     

Жиылған қауымға спектакльдің алдында  Қазақстан Жазушылар Одағының Төреғасы , мемлекеттік сыйлықтың иегер,і  ақын Ұлықбек Есдаулет , театр қайраткері белгілі актер  Сабит Оразбаев естелік , жүрекжарды сөздерін жеткізді. Ал,  Баққожа Мұқайдың ұлы Ерлан Мұқай келген көрермендер мен қонақтарға , ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

фото: Әуезов тееатр
фото: Әуезов тееатр

Қалың жұртқа Ұлықбек Есдаулет Баққожа Мұқайдың шығармашылығын сыйлайтын лауазымды адамның соның ішінде ҚР Парламент Сенатының Төреғасы Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚР мәдениет спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы , Нұр Отан партиясының Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың ресми түрде жіберген жылы лебіздерін оқып берді.

фото: Әуезов тееатр
фото: Әуезов тееатр

Баққожа Мұқайдың жары , Нұжамал Ахметқызы  бүгінде жарының мақсаты орындалғанын жеткізіп әрі көпшілікке өз алғысын білдірді.

Бір жылдан бері ойланып қалай ұйымдастыруға болады деп жүрген болатынбыз .  Бүгінгі қуанышымызбен зиялы қауымдар өкілі, жерлестеріміз келіп ортақтасып отыр.  Бәкеңді еске алып арнайы қойылым қойылып кеш өткізіп жатқан жандарға солардың ішінде театр ұжымына , халыққа алғысым шексіз. Күні кеше ғана Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет институтында Бәкеңнің драматургиясын зерделеген  еске алу конференция болды. Бәкеңнің арманы еліміздің егемендік алуы дербес мемлекет болып , еліміз алты әлемге  әйгілі болуы еді.  Демек , Бәкеңнің өмірі зая кетпеді.

Жазушының 70 жылдық мерейтойына арнайы қойылған спектакль көрермендер тарапынан ыстық ықыласқа бөленді.  Қойылым көңілдерінен шығып, бір сәтке адамды толғандырғанын жеткізді.

фото: Әуезов тееатр
фото: Әуезов тееатр

Көрермендердің бірі , Қайрат Тұрсынбекович :

Жалпы қойылым көңілімнен шықты. Бүгінгі өмірде жиі болып жататын есеппен үйленіп, соңында ажырасып кететін отбасылар көптеп кездеседі емес пе ?! Мансап үшін ар-ұяттан аттап кету, пайдасы тиетін адмдарды жағалап, табан жалау секілді маска киетіндер ойға келеді. Әсіресе жастарға тәрбиелік маңызы жоғары қойылым болды және көрерменге айналасына қарап ойланатын деңгейде өтті деп ойлаймын. Қойылым басталар алдында сөйлеген ағаларымыздың сөздері де әсерлі болды. Әсіресе Баққожа ағаның досы болаған Смағұл Елубаев ағамыздың естелігі тебірентіп, көзге жас келтірді. Жазушының отбасын көріп, аяяулы жары , парасаты биік Нұржамал апайдың қолын алып , лебімізді білдіру де мен үшін мәртебе болды.

Халқын , ұлтын перзенттік махаббатпен сүйген қайраткер жазушылардың бірі де бірегейі — Баққожа Мұқай.

Баққожа Сейдінұлы Мұқаи 1948 жылдың 31 қаңтарында Алматы облысы, Райымбек ауданы , Нарынқол ауылында өмірге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің журналистика факультетін 1971 жылы бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы Алматы облысы Кеген аудандық «Коммунизм нұры» газетіде бастаған. 1970-1988 жылдары «Білім және Еңбек» , «Жұлдыз» журналдарында , Қазақстан Жазушылар одағында жемісті еңбек етті. 1990-1995 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде репертуарлық-редакциялық коллегияда Бас редактор, Бас басқарма бастығы қызметтерін атқарды. 1990 жылы Алматы облыстық « Қазақ тілі» қоғамын ұйымдастырылып, оның жұмысына басшылық жасады. 1995 жылдан 2008 жылға дейін республикалық «Парасат» журналының Бас редакторы болып қызмет істеді.

Жазушы-қоғамның тамыршысы.Өзі өмір сүрген кезеңнің дұрысы мен бұрысын қатар таразылап, елінің, келер ұрпақтың пайымды ғұмыр кешуіне жаны ауырып , жүрегі сыздайтын халде күйініп-сүйініп жүретін азаматтар.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев: 

«Достыққа жүрмін, достыққа жүрмін құмартып,

Өлгелі жүрмін өзіме-өзім мін артып»,- дейді. 

Достыққа шөлдеген, достықты аңсаған ақын өзгеден мін іздеп, өзгеге кінә артпайды. Өзгеге талап қоймастан бұрын, өз жанына үңіліп, өзінің қандай дос бола аларын ойлаған ақын өлеңіндегі дәл осы жолдар  ойымызды қуаттай түспек.