Найти в Дзене
Ерлі зайып сырлары

Тоғыз ай өмір сүрген перзент...

Қадірменді оқырмандар. Мен ішімдегі өкінішті, сағынышты шығарғым келеді. Ешкімге айта алмаймын. Еріксіз алып қашудың құрбаны болғанмын. Осыдан 2 жыл бұрын,19 жасымда танымайтын адамға.

Аяғым ауыр болды тұрмысқа шыққан соң 1 айдан кейін. Сол кезде көп таяқ жедім күйеуімнен. Соған қарамай қызым 9 ай 9 күнде дүниеге келді.

Бірақ ауыратын болды 1 айынан бастап.1 аптаның 5 күнінде ауруханада болдық. Күйеуім жақтан ешкім жағдай жасасады. Аштан өл маған десең деп күйеуім. Сонымен 9 айында қызым мені мəңгіге тастап кетті. Тоғыз ай бойы Алладан сұрап едім, ауруханада жүрсем жүрейін бірақ қызым ды алмашы деп.

Амал жоқ, Алла ісіне. Аурухананы басыма көтеріп жыладым, сенбедім. Құдды бір ғажайып болып қызым тіріліп кетсеғой деп. Өкінішті бұл жай ғана арман болды. Қызым қайтқан соң 1 аптадан соң күйеуім тағы ұра бастады. Шыдамай кетіп қалдым. Міне содан бері 8 ай өтті.

Өмірім өтіп жатыр. Қазір Аллаға шүкір жұмыс істеп жатырмын. Диплом алдым. Бірақ қызымды өте қатты сағынып жүрмін.

Сəл болсада жеңілдеп қалдым. Рахмет, шығарғаныңызға.