Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене
Темирхан Абдиков

Ағайыннан айналдым

Ағайыннан айналдым
Бейбіт күнде берекесі қашты елдің,
Омырауды тырналады өскен мұң.
Пейіліңнен айналайын халқым-ай,

Ағайыннан айналдым

Бейбіт күнде берекесі қашты елдің,

Омырауды тырналады өскен мұң.

Пейіліңнен айналайын халқым-ай,

Отын қайта лапылдатқан көздердің.

Бірің қырдан, бірің Сырдан жиналдың,

Артық ісің тірлігінен туғанның.

Сарша жаздың ыстығына қарамай,

Сауға айтқан, ағайыннан айналдым!

Үйден безіп, көше кезіп хал сұрап,

Самайлардан ащы тері тамшылап.

Әкімдер жүр жиып қойып тірлігін,

Достық көмек әкелуде сан тарап.

Бірі нанын, бірі дәмін ұсынып,

Келіп жатыр кезекпенен тізіліп.

Кешіріңдер , елемеңдер, мырзалар,

Қажығандар көрсетсе егер кісілік.

Жүйкелердің жұқаруы заңдылық,

Үлгірген жоқ ұйқыларын қандырып.

Әр адамы қонақ сыйлай біледі,

Шүкір, бізде жоғалған жоқ құндылық.

Қорыққанда қанат болған ағайын,

Жаурағанға шуақ болған ағайын.

Құлап қалған шаңырағын көтеріп,

Қуанғаннан қуат алған ағайын.

Мен ырзамын , елде ырза сендерге,

Аққу – пейіл, өскен айдын көлдерде.

Қаңыраған қаламызға сән кірді,

Әр бір үйге қуаныш ап келгенде.

Алғысым көп жаны жомарт, текті елге,

Керімсалдай күлімсіреп жеткенде.

Бауырдай боп бауыр басып қаламыз,

Көңілдегі күлдің орны өшкенде.

Келдіңіздер, бұл шаһарға дәм айдап,

Қуаныштың атсын таңы арайлап.

Жақсы күннің тойын бірге тойлайық,

Уа, бауырлар! Аман болсын бар аймақ!

Темірхан Әбдіков