Найти тему

Өзін өзі тәрбиелеу және ерік жігерді шыңдау

Ешнәрсе әрекеттің орнын баса алмайтын болса, өзіңді өзің тәрбиелеудің құндылығы жоғары. Өйткені сізді сізден басқа ешкім тәрбиелей алмайды.

Цитата:

Из стали дисциплины ты выкуешь характер, исполненный мужества и спокойствия. Сила воли вознесет тебя к высшим идеалам жизни, в небесный чертог, полный радости жизнелюбия и благодати. Без дисциплины и силы воли — ты заблудший путник, ты — моряк без компаса, которого, в конце концов, вместе с кораблем поглотит пучина.

(с)Робин Шарма

Өзін өзі тәрбиелеу(самодисциплина) — бұл тән мен жанның еркіндігіне, билікке, атақ-даңққа, адамдар байлық деп жүрген материалды құндылықтарға жетудің ең маңызды шарты.

Арманыңыз шындыққа айналғанға дейін сізді жетелеп, арман-мақсатыңызға көңіл бөлуге мүмкіндік беретін жалғыз құрал!

Бұл шынайы сезімдер мен ерік жігер күшіне жеткізетін КІЛТ. Өйткені оларды тек өзін өзі тәрбиелеу (самодисциплина) басқарады, бағыттайды. 

Бұл сіздің басты мақсатыңызды қолдап, жетуге апаратын үлкен күш. 

Бұл табандылықтың көзі, әдеттеріңізді мақсатқа жетуге қадам жасауға бастайтын күш. 

Бұл ойыңызды жүйеге келтіріп, арманды мақсатқа, ал оны шындыққа айналдыратын күш. 

Бұл өзіңізді толық бақылауға алып, алға қойған мақсатыңызға бағыттауға мүмкіндік береді. 

Бұл түсінік көшбасшылық қасиетпен тығыз байланысты.

Бұл санаңызды артқа тартатын емес, алға сүйрейтін күш. 

Бұл тәртіп сақшысы, сананы қорқыныштан арылтып сенімге жетелейтін. 

Бұл сананы шығармашылық ойларға жетелеуші. 

Бұл күдік пен күмәннен арылтушы. 

Бұл материалдық құндылықтарға жеткізетін даму психологиясын, денсаулықты сақтауға қажетті денсаулық психологиясын дамытатын күш.

Человек, покоривший собственный разум с помощью самодисциплины, никогда не будет покорен другими! 

(c)Хилл Наполеон

Сізге өзін өзі тәрбиелеудің құндылығын түсіндіре алдым деп сенемін.