Бүгінгі мақалада сүт туралы жинаған ақпараттарды сіздермен бөлісемін.
Түркі дүниесінде ағарғанды киелі сұйықтық деп санаған. Оған қымыз, шұбат, айран тағы да басқа сүт тағамдарын жатқызған. Оны жалпы атпен "ақ" деп атаған, қасиет тұтқан. Қазақтың ежелден келе жатқан аңыз әңгімелерінде, ауылға келген көштің алдынан шығу - адамгершілік, мұсылмандық, болашақ көршілік парыз. Ақ алып шығу "осы ақтай таза, дәмді болайық" деген тілекті білдірген. Мұндай жағдайда жаңа көшіп келгендер ризашылық білдіріп алғыс айтады. "Ақ" түсі адалдық ұғымын білдірген. Қазақтарда көктем туа "түйе боздап, қой қоздап, қорада шу" басталар сәтті асыға күтеді.
Жаратқан иесі мен мал пірлеріне, ата-баба аруақтарына бағыштап, көпшіліктің ризалығы мен батасын алып тарататын ғұрып "желін садақасы" яғни "уыз" немесе "уыз көже" деп аталатын үрдісті күні бүгінге дейін дәріптеп келеді.
Зерттеушілердің еңбегіне сүйенсек, қойдың бүйеніне немесе қарнына тұзды татымынша салып пісіріп, алдымен үй егесі мен отбасындағылар, содан соң, көршілерге таратып, уыздан дәм татқандар "аузынан ақ кетпесін, басыңнан бақ кетпесін" деп, батасын береді. Уыз көже тарату көбінесе бірнеше бұзаулаған сиыр төлдегенде береді. Қазақтар сүт пен одан жасалған тағамдарды қасиетті санап, оны дәріптеген. Күн батқан сәтте қазақтарда сүтті далаға алып шығуға , сүт құйылған ыдыстың бетін ашық қалдыруға тыйым салған.
Адамзаттың да жан-жануарлардың да жарық дүниеге алғаш қадам басқандағы бірінші азығы сүт екені жасырын емес. Ал ғалымдар сүттің құрамында кальций, фосфор, күкірт, хлор, тұз, протейн, глюкоза сынды ағзаға қажетті тұтас азық барын анықтаған. Ашаршылыққа ұзақ уақыт бойына тек бір ғана азықпен қоректену адамды ауруға ұшыратып немесе өлтіріп тынады екен. Ал тек қана сүт ішіп күнелткен жағдайда адамның өлмейтіні және ауруға ұшырамайтыны белгілі болған. Аштық пен шөлді басатын да - сүт. Себебі сүттің 90 пайызы судан тұрады. Ал ауру қарт адам үшін сүт - бірден бір ем дәрі.
Қасиетті Құранда Алла "шын мәнінде сендер үшін малдарда ғибрат бар. Малдың қарнындағы қанымен жынның арасынан шыққан ішушілерге сүйкімді нағыз сүтті сендерге ішкіземіз" дейді.
Егер мақала сізге ұнаса немесе пайдаңызға жараса менің каналыма жазылыңыз - ЖАЗЫЛУ