Ел арасында «пері соққан», «перінің қызы басын айналдырып алған», «перінің қызына ғашық болып, құсадан өлген» деген сынды әңгімелер жиі айтылады. Мұндай әңгімелерді кіші күнімнен елігіп тыңдайтынмын. Ол кезде өзімнің түпкі атамның жарын перінің қызы деп айтқанын білген жоқ едім. Көп созбай әңгімемді бастайын.
Біз Әлмерек абыздан тараған ұрпақпыз. Әкем марқұм Инақынмен кезінде жезделері «теке түрік» деп көп қалжыңдасқан екен. Анамнан оның себебін сұрағанда, ауылдың үлкендерінен естіген мына бір аңызды айтып берді.
Бір күні Әлмерек баба өзінің ұлдарымен аңға шығады. Жолай бұларды көріп екі атты қаша жөнеледі. Әлмерек абыз ұлдарымен олардың соңынан қуады. Қуып жетіп қалғанда бір атты кейінірек қалып, екіншісін қашырып жібереді. Қолға түскені құрсағында баласы бар келіншек екен. (Шамасы, екі ғашық елінен бірге қашқан болса керек. Оның ішіндегі баласын ел арасында не түріктен, не түркіменнен деп айтады). Әлмерек келіншекті үлкен ұлы Жәнібек батырға қосады, атын бір ұлына, ертоқымын басқа ұлына олжа ретінде береді. Әйелдің құрсағында қалған ұл – Бәйсейіт. (Біз сол Бәйсейіттен тарадық. Әкемді «теке түрік» деп жүргендері содан екен). Жәнібектің жаңа келіншегі өте сұлу болса керек. Ол күйеуіне тек бір шарт қойған екен. «Мен жуынып жатқанда, маған қарама» деген. Арада біраз жылдар өтіп, төрт балалы (үш ұл, бір қыз) болады. Күндердің бір күнінде Жәнібек әйелінің жуынып жатқанын біледі де, «қараса не болады екен, қаншама жыл біргеміз, бірнеше баламыз бар» деп сығалап қарайды. Сөйтсе... Сөйтсе, әйелінің қолтық тұсында қанаттары бар екен, перінің қызы болса керек дейді. Сыртынан көргенін сезген әйел күйеуіне «Мұның дұрыс болмады, шартты бұздың. Енді сенің жаныңда қала алмаймын, мені іздемегін» деп із-түзсіз жоғалып кетеді. Мұны білген ұлдары анасын іздеуге шығады. Бірақ әйелді таба алмайды. Сол кезде анасын ең көп іздеген Бәйсейіт болған екен. Қарындастары сол кезде ағалары Бәйсейіт, Тоқсейіт, Көшекке бата беріпті. Ең жақсы батаны Бәйсейітке берсе, Көшекке «Көшек, көп бол, көп болсаң да шөп бол!», «Тоқсейіт, тоғыз үйден аспа!» деген екен. Сөйтіп, қарындастары да ізім-ғайым жоғалып кеткен-міс. Бүгінде сол батасы қабыл болды деп жатады ақсақалдар.
Бұл анамның ауыл қарияларынан естіген аңызы. Дәл осы аңыздың басқа нұсқасын «Бабалар сөзі» жүз томдығының 87 томында «Тарихи аңыздар. ХVIII ғасырлар» кітабынан кеше ғана оқыдым. Әрине, өңделген, ауыл ақсақалдарының айтқанынан өзгешелеу. Бәйсейіттің бауырлары туралы айтылмаған. Өздеріңіз оқып көріңіздер!
Бабаның батасы Әлмерек абыздың ортаншы баласы Жәнібек батыр бір күні жолаушылап кетеді де, бірнеше күннен кейін үйіне түнделетіп оралады. Аттан түсіп, атын есіктің алдындағы мама ағашқа байлайды да, үйге қарай беттейді. Үйдің іші жап-жарық, лапылдап от жанып тұрады. Жәнібек батыр дыбысын шығармастан таяп келіп, жабықты ашады да, керегенің көзінен сығалайды. Әйелі Қайқы шомылып жатыр екен. Оның уыздай балбыраған, мамықтай балғын, жібектей үлбіреген тәніне көзі түскен батыр құштарланып телміре қарап қалады. Кенет бойын сескеніс сезімі билейді. Қайқының қос өкпесі тесік екен. Соны көзі шалған Жәнібектің таңданып, тандай қаққан дыбысы қаттырақ шығып кетеді. Сол дыбыстан секем алған Қайқы орнынан атып тұрады да, апыл-құпыл киінеді. Үйге кіріп келген Жәнібекке бұртия қарап: —Өкінішті іс болды,—дейді мұңданып:—Өкпемнің тесігі бітетін шарты толып қалып еді, соған дейін оны адам баласы көрмеуге тиіс болатын. Соны сездірмей жүр едім, міне, сен көріп қойдың, серт бұзылды. Басқа амал жоқ. Енді маған мұнда тұруға болмайды, басыма қатер төнеді. Ержеткен соң балам 34 билер туралы аңыздар 35 Бәйсейіт ұзақ сапарға аттанады. Әкесінің жөн сілтеуі бойынша ұлы асқарлардың жалпақ құмға қарай ойысатын тұмсығындағы Қазығұрт тауына жетеді. Сол таудың жықпыл-жықпыл жыраларындағы ұңғыл-шұңғыл сай-саладағы ел ішін шарлайды. Сөйтіп жүріп, жалпақ жондардың бір қойнауында отырған аса салтанатты ауылдан шешесін табады. Ана мен бала сағыныштарын ақтарып, жылап көріседі. Нағашы жұрты жиенінің құрметіне той жасайды. Бұл кезде Қайқының өкпесіндегі тесігі толық бітіп, біржола адамдық сана кейпіне көшкен тұсы екен. Біраз күн өткен соң, Бәйсейіт нағашы жұртымен қоштасып, шешесін ілестіреді де, аман-есен өзінің еліне оралады. Келіні мен немересі келгенде Әлмерек абыз өлгені тіріліп, өшкені жанғандай шексіз қуанышқа бөленеді. Ағынан жарылып, қалың елге жар салады. Келінінің қайта оралғанын, немересінің батпандай жігіт болғанын мақтаныш етіп, ұланасыр той жасайды. Жиналған қара-құрым қауымның алдында абыз немересіне аталық ықыласпен ақ батасын береді: —Жалғыз едің, Бәйсейіт, Жаратқаның жар болсын! Бағың жанып, қораңа Қарақұрым мал толсын! Жеген асың ақ май мен Қазы, қарта, жал болсын! Елдің сөзін сөйлесең, Жүгінерің ар болсын! Әсте жапа шекпегін, Жақсылықты тектегін! Елің сені жебесін, Ауып алыс кетпесін! Қатар жүріп, жұп жазбай, Көксегенің көктесін!..
Абыз бабаның тілеуін Құдай қабыл етеді. Бәйсейіттің атақ-абыройы күн санап өседі. Жауды жайпаған батырлығы аңызға айналады. Ел-жұрты өзінің қорғаны санайды. Ұрпағы өркен жайып, тұқымы мол тарайды. Байлығы тасады, қайырымдылығы асады. Бұл ісі елін сүйсіндіреді. Халқының амандығын қорғап, өмір бойы қолынан найза, белінен қылыш, тақымы- 36 тарихи аңыздар нан ат үзілмейді. Жауына есе-кегін жібермей, жағаласып, шайқасып өтеді. Елі аман болып, мұратына жетеді.