Найти тему

Күнбағыс майы жайлы не білеміз?

Оглавление
Күнбағыс майы
Күнбағыс майы

Күнделікті тағам даярлағанда қолданатын күнбағыс майы жайлы не білеміз?

Оның түрлері, пайдасы, зияны қандай?

Майды қалай дұрыс таңдау керек?

Сұрақтарға жауапты бірге іздейік.

Күнбағыс майының көп түрі арасынан дұрысын таңдау үшін, олардың қасиеттерін білу керек. Шикі май немесе бірінші сығылған май ең сапалы әрі пайдалы түрі. Бұл май өңдеудегі ең жұмсақ түрінен өтеді, сол себепті құрамына барлық дәрумендер мен пайдалы заттар сақтап қалады. Шикі майды көбінесе салаттарға қосады. Жалпы мұндай май жоғары температураларға шыдай алмайды, оны қурыу үшін қолдануға болмайды. 90 градустан аскан кезде май өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтуы мүмкін.

Тазартылмаған май да пайдалы майлардың бірі екендігі белгілі. Тазартылмаған май белгілі бір өңдеу сатыларынан өтеді. Оның тұнбасын түсіріп, түрлі сүзгілерден өткізеді. Бірақ мұндай май бастапқы шикізаттың бөлшектері қалып қоюы мүмкін, сол себепті кішкентай балаларға (3 жасқа дейін) бермеген жөн.

Тазартылған май мөлдір және иіссіз келеді. Өндірісте оны толықтай тазартады, сол себепті оның құрамында нашар қосылыстар да, табиғи пайдалы заттар да аз қалады. Бұл майды қуырып қолдануға болады: ол көбіктенбейді, тұнба мен жағымсыз иіс бермейді.

Әрине ас үйіңізде бір шикі на тазартылмаған және бір тазартылған май болғаны дұрыс. Бірін салаттарға қоссаңыз , екіншісіне тамақ әсірлеруге болады.

-2

Үйде әзірленген майды қалай таңдаймыз?

Көбіміз базарда сатылатын үйде әзірленген майды хош иісті деп, дүкендегі түрлерінен артық санап, өңделмеген базардағы майды аламыз. Алайда май иісінің жағымды болуы оның пайдасын арттырмайды. Иісі қатты болуы майды өндіргенде күнбағыс дәндерін қатты қуырып, одан көбірек май шығарғысы келгендігін көрсетеді. Бұл кезде дәндерде қышқылдану процессі басталып, канцерогендер қалыптасып пайдалы заттар кемиді.

Сапалы тазартылмаған май қою, түбінде тұнбасы болады. Тым мөлдір тазартылмаған майдың сапасы нашар, алайда тым күңгірт май алмағаныңызда жөн. Қолдан жасалған майдың бір тамшысын қолға тамызып көріңіз: сапалы май ақырын ағады. Сонымен қатар сапалы май бөтелкеге құйылғанда ешбір дыбыс шығармайды.

Күнбағыс майы
Күнбағыс майы

Әрине қолдан жасалынған өнім өндірісте жасалған түрінен жақсы деп білеміз. Бірақ ол жиі жағдайда керісінше бола алады. Мұндай майлардың құрамында ауыр металдар, онкологиялық ауруларды қоздыратын бензопирен болуы мүмкін.

Базардағы майдың жасалған уақыты мен сақталу мерзімін еш уақытта нақты біле алмайсыз. Базарда сатылатын қолдың майының сақталу мерзімі 1-ақ ай. Сол себепті бұл жерден ескі май алып кетуіңіз де әбден мүмкін. Сонымен қатар көптеген сатушылар жақсы күнбағыс майын сапасыз арзан майлармен араластырып сатады.

Егер менің кеңестерімнен кейін де майды базардан аламын десеңіз, оны мүмкіндігінше тексеріңіз. Бөтелкенің сыртқы түрін, майдың түсін тексеріңіз. Бөтелкені ашып иіскеп көрініңіз. Одан күнбағыс дәнінің иісі шықпауы керек.

Егер мақала сізге ұнаса немесе пайдаңызға жараса менің каналыма жазылыңыз - ЖАЗЫЛУ