Сіз уақытыңызды қаншалықты тиімді пайдаланасыз? Барлық нәрсеге үлгересіз бе? Бастаған нәрсеңізді аяғына дейін жеткізе аласыз ба? Егер жауабыңыз жоқ болса онда сізге тайм менеждмент керек. Тайм менеджмент дегеніміз не? Тайм-менеджмент — дегеніміз бір сөзбен айтқанда уақытты басқару. Нақтырақ айтқанда, уақытты тиімді пайдалануға бақытталған сабақтар жиынтығы мен техникалары. Бас кезде тайм менеджмент тек іскер адамдарға ғана қажет болған. Қазіргі таңда там менеджмен барлық адамдарға қажет. Сіз кәсіпкер болсаңызда, біреуге жүмыс істесеңізде, фрилансер болсаңызда тіпті бала күтімімен үйде отырған әйел болсаңызда. Қазіргі заманның үлкен мәселесінің бірі ол тапшылығы, қоғам асығыста өмір сүруде. Заманауи технологиялар адамзаттың тұрмыс тіршілігін жеңілдеткенмен оның уақытын ұрлауда. Бұл жерде маған қарсылық білдіруіңіз мүмкін. Ол да дұрыс, себебі заманауи технологияр арқылы адамдар қаншама жұмысын автоматтандарды. Бірақ бұл жерде мен басқа нірсе туралы айтқалы тұрмын. Есіңізге түсіріңізші өзіңізді телефонға бір қараймын деп сағаттап отырған кездеріңіз болды ма?! Мен дәл осы мәселені айтайын дегем. Қайтадан тайм менеджментке оралайық, осындай құрбандықтардан құтылып, уақытты басқаруды үйренейік.
Тайм менеджменттегі басты қағидалардың бірі ол жоспар құру. Ия ия бұл сөзді сіз көп жерлерден естіген боларсыз. Сіз үшін бұл жаңалықта емес шығар. Бірақ тек жоспарлау арқылы ғана сіз көптеген жетістікке жете аласыз. Себебі біздің басымыздағы сан түрлі ойларды, істеу керек жұмыстарды бір ретке жүйеге келтіретін осы жоспар. Жоспарды түнде жазып қоюға кеңес берер едім. Себебі, таңертең оянғанда сізде дайын жоспар болады. Сіздің жоспарға кететін уақытыңызды үнемдейсіз. Оңай орындалатын істерді бірінші кезекте жазуды кеңес беремін. Себебі күннің бірінші жартысында оларды тез орындап кейінгі іс-әрекеттерді орындауға мотивация аласыз. Тағыда айта кететін мәселе барлық істеу керек нәрселерді бір күнде жазудың қажеті жоқ. Әйтпесе оның барлығын орындауға тырысамын деп физикалық және моральдық түрғыда шаршап, ешқайсысында аяқтамай күйзеліске ұшырайсыз. Істеу керек жұмыстарды маңыздылығана қарай бөлуге кеңес бермін және оның атқаратын мерзіміне де мән берген дұрыс. Мысалы, поштаға бару керек, ауруханаға бару керек деген сияқты мәселелердің жұмыс уақытын ескеру керек. Ауруханаға алдын ала жазылған дұрыс, ал поштаның жұмыс істейін және демалыс күндері болады деген сияқты.
Мен сіздерге бұл жерде тайм менеджменттің тек бір ғана құралын мысалға келтірдім. Негізі тайм менеджмент ол үлкен сала.