Пияз шелпектері
Қажетті заттар:
- ұн
- 1 стақан сүт
- жарты ас қасық сүт
- 1 үлкен пияз
- сұйық май
Дайындау тәсілі:
Стақандағы суға тұз ерітіп, оны ұнға қосып, қамыр илейміз. Қамырды жаба тұрып, пиязды майдалап тураймыз. Пиязды тұздап, қолмен езіп араластырамыз. Пиязды майға қуырып аламыз. Қамырды барынша жұқа қылып жайып, бетін шамалы майлаймыз. Үстіне қуырылған пиязды жаямыз. Қамырдың бір шетіне оқтауды қойып, орап қамырды оқтаудың соңына дейін орап шығамыз.
Шамалы майды қыздырып, шелпектерді қуырамыз. Екінші жағына аударып, тағы май құйып қуырамыз.
Ас болсын!
Егер мақала сізге ұнаса немесе пайдаңызға жараса менің каналыма жазылыңыз - ЖАЗЫЛУ