Найти в Дзене

Сүттен жасалатын коктейль

коктейль из молоко
коктейль из молоко

Сүттен жасалатын коктейль

Қажетті заттар:

  • 50 г балмұздақ
  • 300 г сүт
  • 50 г жемістерден жасалған сироп немесе тосап

Дайындау тәсілі:

Бұл коктейль өте оңай әрі жылдам әзірленеді. Ыдысты алып, оған жемістен жасалған сиропты және балмұздақты қосамыз. Мен бүгін анардан жасалған сиропты таңдадым, сондай-ақ құлпынайдан, бүлдіргеннен жасалған сироптарда өте керемет болады. Немесе тосаптардан жасауыңызға болады. Енді суық сүтті құйып, блендермен көбіктенгенге дейін араластырамыз. Шамамен 30 секундтай. Айта кетейік, сүт өте майлы болмауы қажет. Майлылығы 2,5 пайыздық сүт өте қолайлы. Коктейль дайын болды, іше беруге болады.

Ас болсын!

Егер мақала сізге ұнаса немесе пайдаңызға жараса менің каналыма жазылыңыз - ЖАЗЫЛУ