Саңырауқұлақтан жасалатын чебуреки
Қажетті заттар;
- 400 г дайын иленген қамыр
- 3 дана жұмыртқа
- 1 бума жусай
- 250 г саңырауқұлақ
- 1 бума балдыркөк
- 1 қорап краб таяқшалары
- соя тұздығы
- өсімдік майы
- 100 мл шарап сірке суы
- 100 г қызыл бұрыш
Дайындау тәсілі;
Дайын қамырды аласыз, бірнеше бөліктерге бөлесіз. Сөйтіп жарты сағатқа қойып қоясыз. Енді салындысына кіріссек. Саңырауқұлақ пен балдыркөкті майдалап тураймыз. сөйтіп табаға май құйып қуырамыз. Арасына соя тұздығын құйып жіберіңіз. Жусайды майдалап, оны да бірге қуырамыз. Краб таяқшаларын блендерге езіп, саласыз. Қамырды жайып, салындыны салып, екі жағын да қуырамыз.
Ас болсын!
Егер мақала сізге ұнаса немесе пайдаңызға жараса менің каналыма жазылыңыз - ЖАЗЫЛУ