Найти тему

Сәбіз қосылған пирог

Оглавление
СӘБІЗ ҚОСЫЛҒАН ПИРОГ
СӘБІЗ ҚОСЫЛҒАН ПИРОГ

Қажетті заттар;

  • 8 дана сәбіз;
  • 250 г қамыр
  • 1 ас қасық бал
  • 1 ас қасық зәйтүн майы
  • шым-шым тұз

Дайындау тәсілі:

Пештің формасына май жағып, қыздырыңыз. Сосын қамырын жайып, формаға саласыз. Сәбізді тазалап, бірнеше бөлікке бөлесіз. Сөйтіп кастрөлге салып, су құйып, қайнатасыз. Шамамен 8 минуттай.

Енді бұларды миксерге салып, балды аздаған тұзды салып, езіп аласыз. Енді бұл қоспаны қамырға салып, 30 минутқа пешке 180С температурада саласыз. Пирогымыз дайын.

Ас болсын!