Үй пиццасының құпиясы
Қажетті заттар:
- 1 шай қасық ашытқы
- 250 мл су
- 500 г ұн
- 1 шай қасық теңіз тұзы
- 1 шай қасық қант
- зәйтүн майы
Дайындау тәсілі:
Үлкендеу ыдысты алып, ұнды, тұзды және ашытқыны салып, су құйып, аздаған қантт салып, қамырын әзірлеп аламыз. Сосын қамырды 10 минуттай қойып қоямыз. Әбден июі қанып, көпсігенде , бір рет қайырып қойыңыз. Сөйтіп 40 минуттай ашытып қоясыз. Енді қамырыңыз ашыса, алып, жая бересіз. бетіне салындысын жағасыз.
Ол үшін кетчупты , балғын райханды және әзірлеген тұздықты жағасыз. Салындысын сіз өз қалауыңызға қарай жасайсыз. Мейлі ол, саңырауқұлақ болсын, мейлі ол, тауық еті немесе фарш болсын. Ең беткі бөлігіне қатты ірімшікті үккіштен өткізіп, әдемілеп сеуіп шығасыз.
Жалпы италяндықтар, дәмін келтіру үшін, жұпар иісі аңқыған райханды міндетті түрде қосады. Және сүйегі жоқ зәйтүнді әрбір пиццадан кездестіруге болады. Бетіне салындысын жағып болсаңыз, қызып тұрған пешкеи 230С температурада 20 минут пісіресіз.
Ас болсын!
Егер мақала сізге ұнаса немесе пайдаңызға жараса менің каналыма жазылыңыз - ЖАЗЫЛУ