Көне замандарда пияздың мистикалық қасиеттері бар деп есептелген. Римдиктер бойтұмар ретінде пияздың басын тағып жүрген, жауынгерді қасірет пен қауіп-қатерден қорғайды деп есептеген. Орыстар да ұрыс даласында оның қасиеттерін қадірлеген, сонымен қатар нанымдар бойынша бұл өсімдік жыландарды үркіткен.
Сансыз көп сиқырлы қасиеттерінің ішінде қазіргі медицина растағандары - қырқұлақ және салқын тиюіне қарсы тұру қасиеті бар.
Домалақ басты пияз. Оның негізгі қасиетінен (табиғи антибиотик) басқа кәдімгі домалақ басты пияз заттар алмасуын асықтыруға, ас қорытуды (асқазан шырынын өндіруді ынталандырып) жақсартуға, артериялық қысымды қалпына келтіру және потенцияны көтеруге де қабілетті. Ертедегі орыстар "Пияз жеті ауруға ем" дегені бекер емес. Пияз шырыны, тұмау, сарып, ұйқысыздықпен күресуге табысты көмектеседі. Пияз тек қана дәрумендерге емес , ұлпалар мен органдарға белсенді әсер ететін эфир майларына, сонымен қатар микроэлементтер: жүректі ынталандыратын калийге, қан жасалуын ынталандыратын темірге, адамға қажетті сирек элементтер - марганец, мыс, кобальт және молибденге бай.
Жасыл пияз - бұл өсімдік дәрумендерінің негізгі қоры. Пияздың көгі - С және В1 дәруменінің ең бай көзі. Кез келген көк пияздың құрамында хлорофилл көп, ол тағамның қорытылуына жақсы әсер етеді. Бірақ жақсы сақталатын пияз пияз бастарынан айырмасы, пиядың қияқтары аса тез солып қалады және өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтады.
Сопақ басты пияз - көбірек етті, онда сұйықтық көбірек болады. Жасыл пияздан айырмасы, жұмсақ, тіпті тәттірек дәмі бар. Калийге өте бай, бұл оны тамаша несеп айдағыш құрал етеді. Несеп тас ауруы, тұз байлану ауруы, тұз қыртыстануында пайдалы. А, С, В1 және В2, РР дәрумендеріне бай.
Пайда болған жерде зарар бар. Дегенмен , егер сіз ас қорыту жолының қабынуы және жара ауруларынан азап шексеңіз, жүйке қозуына бейімді болсаңыз және жүрегіңіздің ауруын анықтаған болсаңыз, пияз жеуге болмайды. Домалақ басты пияз асқазанның шырышты қабықтарына және ішектеріне тітіркендіретін әсер етеді, калийдің молдығы жүйке жүйесінің тым аса қозуына және жүрек соғуының бұзылуына себепші болады. Бір жағынан, 100 грамм жасыл пияздың құрамында С дәруменінің тәуліктік нормасы бар, бірақ басқа тараптан егер де сіз өзіңіздің дәрумен қорыңызды тек қана пиязбен толтыратын болсаңыз, гастритке шалынуыңз мүмкін. Термиялық өңдеу кезінде бұл көкеністің құрамындағы пайдалы заттардың көбі ыдырап кетеді. Таза пияз да өз бетімен өткір иіс және дәмге ие, бұл оның әрбір маңызды кездесу алдында да, жемегеніңіз дұрыс. Ең жақсысы таза пиязды салатпен жеу керек.
Егер мақала сізге ұнаса немесе пайдаңызға асса менің каналыма жазылыңыз - ЖАЗЫЛУ