Найти тему
Маған қызық!

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҚАЛАЙ ТЕЗ ҮЙРЕНІП АЛУҒА БОЛАДЫ?(Топ-5 Лайфхак)

Сәлем! "Өзге тiлдiң бәрiн бiл..." Дегенмен, осы кезде туындайтын заңды сұрақ бар. Бұл - ағылшын тілін қалай тез үйреніп алуға болады? Сен де осы сұрақты өзiңе және өзгеге бірнеше рет қойған боларсың?! Жауабын таптың ба? Таппасаң мен айтайын, құлақ сал. Жауабы оңай. Тіпті-i, оңай. Ендеше рет-ретімен бастайын. Қазіргі заманда ғаламтордың арқасында ағылшын тілін өз бетіңше, әрі тегін меңгеріп алуға болады. Ия, ия, ӨЗ БЕТІҢШЕ және ТЕГІН. Сондықтан, ақша шашып, курстарға жүгірмеңіз. Әсіресе "тілді 1 апта ішінде үйретемін" дейтіндерден абай болыңыз! Ал енді, үйде, өз бетіңше оған қоса тегін ағылшын тілін үйренудің бірнеше кеңесін тыңдаңыз. Ендеше, кеттік!

1-КЕҢЕС: ӨЗІҢІЗДІ ҚИНАМАҢЫЗ. Миға артық салмақ салып, қиналып оқығаннан пайда шамалы. Мұндайда: "Сүйреп салған тазы түлкi алмайды" деген сөз еске түседi. Керісінше, ағылшын тілін рақаттанып үйреніңіз. Көп адамдардың ең басты қателігі - осы. Тілді тез меңгеріп алғысы келеді. Бір күнде мыңдаған сөзді жаттап, ағылшынша ән тыңдап не болмаса кино көреді. Осы тілде бірнеше бет кітап оқиды. Бәрін бір күнде жасайды. Алайда, нәтиже жоқ. Неге?Сосын ешнәрсе үйренбегеніңіз үшін қапаланасыз, ренжисіз. Асықпаңыз! Сізге бір жаңалық ашайын: Тілді тез-тез меңгеру мүмкін емес. Иә, мүмкін емес. Сіз өмірі сөйлеп, тыңдап, естімеген тілді бірден меңгеру оңайға соқпасы анық.

-2

2-КЕҢЕС: АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮНЕМІ ОҚЫҢЫЗ. Мысалы, дүйсенбіде сөздіктен 10 сөзді тауып алып жаттаймыз. Ал, сейсенбі кітап оқимыз. Жоқ дегенде 5 бет оқыңыз. Ең бастысы - оқыңыз. Сәрсенбіде қағаз бен қалам алып, жазып үйренеміз. Бейсенбі: Ағыншын тіліндегі кино немесе музыка тыңдаймыз. Жұма: Достарымызбен ағылшынша әңгімелесеміз. Аптаның қалған екі күнінде осының бәрін есімізге түсіріп қайталаймыз. Одан кейін әлбетте, дүйсенбі күні бәрін қайтадан бастаймыз.

-3

3-кеңес: ТӘЖІРИБЕ. Кейде адамдар ағылшынша өте жақсы оқып білсе де, тіпті, граматикадан мықты болса да, еркін сөйлей алмайды. Неге? Сіз сөйлеуге ұяласыз, қате айтуға қысыласыз. Олай iстемеңiз! Көшеден ағылшынды көрсеңіз, сөйлесуге асығыңыз. Олар күлмейді. Керісінше, сөйлесуге қуана келісім береді. Не болмаса, түрлі әлеуметтік желіні пайдаланып, ағылшын тілді достар табыңыз. Сіз көп нәрсені үйренетініңіз анық!

-4

4-кеңес: СІЗГЕ ҚЫЗЫҚТЫ СФЕРАНЫ ТАУЫП АЛЫҢЫЗ!

Сіз өзі неге бейімсіз?

Сізді не қызықтырады?

Нені білгіңіз келеді?

Міне осының бәрін ағылшынша іздеңіз. Айталық, сізге кино қараған ұнайды, ал сіз ағылшын тілінде аудио тыңдап жүрсіз. Қандай кітап оқып жүрсіз? Бұл, керек емес. Егер сіз кино көргенді ұнатсаңыз, онда ағылшын тіліндегі фильмдерді қараңыз. Сол фильмдер жайында ағылшын сайттардан мәліметтер оқыңыз. Сонда жалықпайсыз да, ішіңіз де пыспайды. Сізге ең басты керегі - жаңа сөздері үйрену.

-5

5-кеңес: ҚАТЕЛІКТЕРДІ ТҮЗЕУ! Өзіңіздің ағылшынша сөйлегеніңізді диктафонға жазыңыз. Қай жерде қате жібердіңіз? Бірнеше рет тыңдап, қателіктеріңізді түзеңіз. Және ағылшын тілінде көп тыңдаңыз. Шығармалар жазыңыз. Бәрін бір күнде емес, әрине.Баяу және асықпай. Достар, бүгінге осы! Ағылшын тілін әрі қарай оқи беріңіз. Алтын қағиданы есте сақтаңыз: Өзіңізді қинамаңыз. Керісінше, қиналмай, рақаттанып үйреніңіз. Тілді тез-тез меңгеру мүмкін емес.Бәрі біртіндеп баяу келеді.Ендеше сәттілік!

Мен сізге сенемін!)

-6