Тоғыс есебін – кең байтақ Еуразия құрлығы мен қазақ даласындағы күнтізбелердің басқа түрлерімен сәйкестендіруге тырысу, уақыт өте келе 13-14 тоғыс айларының балама атаулары пайда болуына әсер етті. Бірақ, іс жүзінде тоғыс айларының атаулары бір-бірімен мидай араласып шатасып кетпеуі үшін күнделікті тұрмыста «Тоғыс есебінің» негізгі атаулары ретінде сандармен белгіленетін – 1, 25, 23, 21, 19 ... 9, 7, 5, 3 тоғыс айларының атаулары негізгі атау болып сақталып қалды.
Жай жылдардағы 13 тоғыс айының балама атаулары:
1-ай – 27 тоғыс айы (1 тоғыс айы): Туар Айдың жаңасы – Отамалы (көкек) – 28 күн;
2-ай – 25 тоғыс айы: Өліара – Мамыр – 56 күн;
3-ай – 23 тоғыс айы: Батар Ай – Құралай – 84 күн;
4-ай – 21 тоғыс айы: Ай қорғалау – Сарша – 112 күн;
5-ай – 19 тоғыс айы: Кемуші Ай – Тамыз – 140 күн;
6-ай – 17 тоғыс айы: Ай желіну – Күйек – 168 күн;
7-ай – 15 тоғыс айы: Ай арасы – Желді – 196 күн;
8-ай – 13 тоғыс айы: Ай тұтылу – Қазан – 224 күн;
9-ай – 11 тоғыс айы: Толық Ай – Қараша – 252 күн;
10-ай – 9 тоғыс айы: Ашулы Ай – Тоқсан – 280 күн;
11-ай – 7 тоғыс айы: Толас болу – Қаңтар – 308 күн;
12-ай – 5 тоғыс айы: Өсуші Ай – Ақпан – 336 күн;
13-ай – 3 тоғыс айы: Жаңа тоғыс – Наурыз – 364 күн.
Кәбиса жылдардағы 14 тоғыс айының балама атаулары:
1-ай – 29 тоғыс айы (1 тоғыс айы): Туар Айдың жаңасы – Отамалы (көкек) – 28 күн;
2-ай – 27 тоғыс айы: Өліара – Мамыр – 56 күн;
3-ай – 25 тоғыс айы: Батар Ай – Құралай – 84 күн;
4-ай – 23 тоғыс айы: Ай қорғалау – Сарша – 112 күн;
5-ай – 21 тоғыс айы: Кемуші Ай – Тамыз – 140 күн;
6-ай – 19 тоғыс айы: Ай желіну – Күйек – 168 күн;
7-ай – 17 тоғыс айы: Ай арасы – Желді – 196 күн;
8-ай – 15 тоғыс айы: Ай тұтылу – Қазан – 224 күн;
9-ай – 13 тоғыс айы: Толық Ай – Қараша – 252 күн;
10-ай – 11 тоғыс айы: Ашулы Ай – Тоқсан – 280 күн;
11-ай – 9 тоғыс айы: Толас болу – Қаңтар – 308 күн;
12-ай – 7 тоғыс айы: Өсуші Ай – Ақпан – 336 күн;
13-ай – 5 тоғыс айы: Жаңа тоғыс – Тоқпан – 364 күн (Екі ағайынды ай)*;
14-ай – 3 тоғыс айы: Тоғыс айдың қарақшысы – Наурыз – 364 күн.
* Қазақ есепшілерінің «Ақпан-Тоқпан – Екі ағайынды ай» деп атауының себебі, 364 күндік Жұлдыз-Күн күнтізбесінің (28 күн × 13 ай = 364 күн) 28 күндік айы – 27,322 күндік тоғыс айынан жуық түрде ≈ 0,68 тәулік көп болғандықтан, жылдың соңында Тоғыс есебі мен Жұлдыз-Күн күнтізбесінің арасында шамамен ≈ 9 тәулік (0,68 күн × 13 ай = 8,84 күн немесе 364 күн – 355 күн = 9 күн) айырмашылық пайда болып отырады. «Тоғыс есебінің» 3 жылдық тоғамында (цикл) 9 күндік бұл айырмашылық 27 күндік тоғыс айына айналып отырады (9 күн × 3 жыл = 27 күн). Яғни, осы 27 күндік 14-ші ай Ақпан айынан кейінгі Тоқпан айында есепке «ойша» қосылып отырған.