Сунақатада Лақайбек деген агроном болыпты, өзі ауыздыға сөз бермейтін айтқыш екен. Кеңес одағының дүркіреп тұрған кезі болса керек. Бір күні кеңшарда үлкен жиналыс болып, ол ұзаққа созылып кетіпті. Лақайбек дәрет өтегісі келіп, жиналыстан сұранбай шығып бара жатса, совхоздың директоры:
-Әй, Лақайбек, қайда барасың, отыр? - деп айқай салыпты.
Сонда ол:
-Балтеке, қуықпен ойнауға болмайды,- деп жиналыстан шығып кетіпті.