Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

415-ші Қара пайым-сөз: «Тоғыс есебін» енді қандай тілде түсіндірерімді білмей тосылып отырмын...

Аллаға шүкір, қазақтың ұлттық мұрасына деген жанашырлықтарыңызды жазған пікірлеріңіз бен қойған лайктарыңыздан көріп отырмын. Жалпы бас-аяғы 134 адам «Тоғыс есебі» туралы жазбаларымды оқыпты. Бірақ мен үшін түсініксіз болып тұрған бір жай бар. Құрметті де қадірменді оқырманым Токберген Байтасов өткен жолы «Тоғыс есебін» ғылыми тілімен түсіндіруді бастағанымда «Тоғыс есебі күн тізбемен байланысты емес өткен заман уақиғаларының уақыттық қуатқа замандық тағдырға айналып қайта оралуы яғни жұлдыздардың айға әсерінен пайда болады. Күнді біз тәуліктік емес сағаттық тұрақты шамамен алу керек осы жағынан да есептік зертеуді қажет етеді. Тоғыс жер бетінің ықылымына әсері бар есептік жүйе...» және т.т. деп ешкім түсіне алмайтын тілде даналық танытқан еді. Бүгінгі жазған пікірінде «Ал енді қазіргі заман мүлде күрделі есептерді қажет етеді және оны меңгеруге де ойшылдық керек» дейді. Жалпы байқасаңыздар, қазақ халқының этнографиясы мен жалпақ шешей сөздерін қып-қызыл есепке айналдырып, ғылыми жобаға келтірген жазбаларымды жариялай бастағанда, барлықтарыңыз дерлік 5-сыныптың оқушылары сияқты парақшамнан жан-жаққа қашып кеткен едіңіздер. Енді «Тоғыс есебін» басынан бастап қайта жазып, жалпақ тілмен түсіндіре бастасам «ғылыми тілмен түсіндір» деген емеурін танытасыздар. Айналайын Тоқа және т.б. ардақты оқырмандарым, не қалап отырғандарыңызды түсіне алмай тіпті басым қатып отыр. Осылай ойланып отырғанда қызметімнен қат-қабат болып жұмыстар келді. Айтпақшы «Тоғыс есебіне» қатысты сұрақтарыңыз бар ма? Әлде бәрі де түсінікті ме? Жауаптарыңызды тосамын...