Баланы тәрбиелеу отбасының негізгі қызмет болып табылады. Ата – ана баланың өмір есігін ашқан уақыттан бастап оған қамқорлық танытып, болашағын жоспарлап, саналы, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу үшін барлық жағдайды жасайды. Баланың адамгершілігі, ар-ұяты, ақыл ойы, мәдениеттілігі ата-ананың, Отбасының тәрбиесіне байланысты. Қазақтың «Отан- отбасынан басталады» деген дана сөзі бекер айтылмаған, отаныңды сүю отбасынан басалатыны да рас.
Ата-бабаларымыз отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған, себебі ата - ана баласына қандай тәрбие берсе, болашақта ол бала со алған тәрбиесі арқылы өмірдің сатысынан өтіп, көрген білген тәрбиесін жаңа ортада паш етеді. Осы орайда дана хал.ымыздың «Уяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөзі еске келеді. Ата - ананың ең басты міндеті ол Отбасында балаға дұрыс үлгі өнеге, тәлім тәрбие, жақсыны насихаттап, дұрыс тәрбие бере білуінде.
Статистиканы айта кетсек, 2019 жылғы неке саны 3785, 2020 жылғы неке саны 2719 тіркелген. 2019 жылға қарағанда 2020 жылы некеге тұру саны азайған. Аталған жылдар ішінде, бұзылған некелердің де саны кеміген. 2019 жылғы неке бұзылу саны 1808, 2020 жылғы неке бұзылу саны 938 тіркелген., ( мәлімет https://stat.gov.kz сайтынан алынды).
Туған балалардың саны 2019 жылдың қаңтар- маусым аралығында туғандар саны 193412 бала болса, 2020 жылдың қаңтар- маусым аралығында туғандар саны 197265 баланы құрайды. Бұдан, демография санының өсуін байқауға болады ( мәлімет https://stat.gov.kz сайтынан алынды).
Жоғарыдағы мәліметтерге қарап, біз «Бақытты Отбасы», «Отбасы құндылықтыры» деген сөз тіркестерін атап өтуді жөн деп білеміз. Ойлана отырсақ, бақытты отбасы ол қандай отбасы? деген сауал туындайды. Бұл сұраққа жауап беретін болсақ, көз алдымызға бір-бірін жақсы көріп, силайтын адамдар елестейді. Отбасы – бізді кішкентай нәрселерден басталатын үлкен істерге итермелейтін, мысалы, отбасымызбен тағы бір рет бірге болу, туыстарымызға күлімсіреу, жақын адамымызды құшақтау деген күнделікті тұрмыстағы іс- әрекет десек артық айтпаймыз.
Отбасы – бұл біздің тірегіміз, біздің жайлылығымыз және құндылығымыз.
Қазіргі таңда елімізде Отбасы күнін атап өтуге арналған іс-шараларда көбеюде. Бул іс-шаралар отбасы құндылықтары және балалардың бақытты отбасында өмір сүруді, отбасы институтын, ерлі зайыптылардың жауапкершілігін нығайтуды, имандылық пен рухани құндылықтарды бағалауға баулиды.
Жоғарыда айтылғандардың бәрін қорытындылай келе, Отбасы – бұл бәрімізге тиесілі қоғамның жасушасы және жеке тұлға қалыптасатын орын. Адамды отбасы мен тәрбиеге қарап бағалайды. Отбасысыз бейбіт өмір сүру өте қиын. Отбасы – кез-келген адам үшін ең маңызды тірек, ол әрқашан оның жанында болуы керек. «Отан – қуат, Отбасы – шуақ» деген сөз бекер айтылмаған.
Нұр-Сұлтан қаласының татуласу орталығы «Senim Mediasia Ortalygy».