Қазіргі таңда халықтың медиацияға жүгінуі куннен кунге артып келе жатыр. Медиация – медиатордың көмегімен екі жақтың ерікті келісімімен жүзеге асырылатын өзара тиімді шешімге қол жеткізу мақсатында екі жақ арасындағы дауды реттеу рәсімі болып табылады (Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 2-бабының 5-тармағы).Медиация ол екі тараптың ерікті түрде келісімге келуі. Екі жақтың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі үшін ушінші бейтарап көзқарасты ұстанатын медиатордың қатысуымен шешіледі. Медиатор Заң талаптарына сәйкес медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға болып табылады.Ол екі жақтың тиімді бітімге келуін қамтамасыз етеді және құпиялык,екі жақтың тең құқылығын сақтайды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы XXVII сессиясында «Қазір медиация институтында пайда болатын даулардың алдын алу мен уақытылы шешуге бағыттау керек» деді.
Медиацияның қолайлы жағдайлары оте көп: ол екі жақтың арасындағы жақсы қарым- қатынасты сақтайды, уақытты үнемдейді, медиация рәсімінің құпиялылығы жақсы атыңыз бен іскерлік беделіңізді сақтап қалуға мүмкіндік береді, медиация ұзақ сот таласынан құтылуға көмектеседі.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Senim татуласу орталығында ( медиация орталығы) «Медиация – дауды шешудің кілті» атты онлайн кездесу өтті. Кездесуге Нұрлан Досумов - кәсіподақтар федерациясы оқу орталығының басшысы, Әсел Молдагалиева- кәсіби медиатор, Шерзод Пулатов- Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, медиатор қатысты. Нұрлан Досумов халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тегін оқытуды және оқыту тренингін кәсіби медиаторлар сертификат бере отырып өткізеді деп мәлімдеді. Әсел Молдағалиеваның айтуынша, көбінесе елорда тұрғындары еңбек даулары, неке кезінде бірге алынған мүлікті бөлу, баланың тұрғылықты жерін анықтау, алимент алу мәселелері бойынша медиаторларға жүгінеді.
«Сенім» медиация орталығының негізгі мақсаттарының бірі азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, сындарлы диалогты дамытуға ықпал ететін жағдайлар жасау, кәсіби медиацияны, психологиялық, құқықтық, әлеуметтік, ақпараттық және өзге де көмекті қамтамасыз етіп, жанжалды жағдайларды қолайлы шешу болып табылады.
Бұл іс-шараның мақсаты - медиацияны қолдану арқылы даулы және жанжалды жағдайларды сотқа дейінгі тәртіпте шешу мәдениетін қалыптастыру, медиация институтын халық арасында кеңінен насихаттау. Осындай кездесулерді өткізу азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге, еңбек және басқа дауларды татуластыру рәсімдері арқылы шешуге, дауларды бейбіт жолмен шешуге ықпал етеді.
Нұр-Сұлтан қаласының татуласу орталығы «Senim Mediasia Ortalygy».