Кеше (25.11.2020 жыл) ғаламтордан: «Партия Nur Otan принимает предвыборную программу «Путь перемен: достойная жизнь каждому». Партия планирует мобилизовать на ее реализацию 21 триллион тенге в течение пяти лет, сообщил президент Касым-Жомарт Токаев» деген хабарды оқып жағамды ұстаған едім. Көзге елестету үшін айтайын (триллионның артында 12 «нөл» болады): 21 000 000 000 000 деген мың миллиард теңгені немесе 49 млрд. 645 млн. 390 мың 071 АҚШ долларын құрайды. Салыстыру үшін айтар болсақ 2020 жылға – Тәжіктердің ІЖӨ (ВВП) – 8,12 млрд., Қырғыздардың ІЖӨ (ВВП) – 8,45 млрд., Өзбектердің ІЖӨ (ВВП) – 10,9 млрд. (USD) долларды құрады. Ал қазақтарда тек бір ғана саяси партияның қаражаты үш бірдей Орта Азия елдерінің ІЖӨ (ВВП)-нен асып түседі. Керемет байлық! Тұңғыш президент мерекесінің (01 желтоқсан) қарсаңында өткен бүгінгі (26.11.2020 жыл) жиылыста тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш сыртқы істер министрі Т.Сүлейменов: «История помнит не многих своих творцов, они появляются тогда, когда море событий и грядущих перемен требуют появления лидера, который уверенно смотрит вперед и знает, что ему делать. Таким востребованным лидером для Казахстана стал Нурсултан Назарбаев, принявший на себя огромную ответственность за создание независимого государства» – деп жазыпты. Сіздердің іштеріңізде не болып жатқанын білмеймін, өз басым түрім сұрланып, тістеніп отырмын. Себебі, бәрібір ешнәрсе де өзгермейді. Қара да тұр, жоғарыдағы ғаламат қаражаттар «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетеді. Ал мен сорлы «түркі өркениетінің» жылсанау дәуірі мен күнтізбе жүйесінің жобасын алға жылжыту үшін жүз мың теңге таба алмай жүрмін...
416-шы Қара пайым-сөз: Неткен ғаламат бай әрі тас жалағандай тақыр кедей елміз...
26 ноября 202026 ноя 2020
1
1 мин