Найти в Дзене

Культурно-образовательный проект «Ұлағатты ұрпақ».

Ақтоты Райымқұлова: «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру жобасы іске қосылды»

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Президен жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн баспасөз конференциясына қатысты.

Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау барысы жайлы баяндады.

«Балалардың тұлғалық қасиетінің, адамгершілік және рухани дамуы үшін қосымша білім берудің маңыздылығын ескере отырып, Министрлік 4 қазанында «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру жобасын іске қосты. Жоба ұзақтығы 10-15 минуттан аспайтын онлайн-форматтағы қысқа бейне-сабақтарды тұрады жəне 1-11 сынып оқушылары үшін әзірленген.

Балалар үйден шықпай-ақ Қазақстанның киелі жерлеріне виртуалды турлар жасай алады. Сонымен қоса опера, балет, драма өнерінің үздік үлгілерін, отандық және шетелдік қызықты кинофильм, мультфильмдерді көріп, таңғажайып музыка туындыларын тыңдай алады.

Оқушыларға madeni-m.kz сайтында қазақ және орыс тілдерінде музыкалық өнер, театр өнері, кинематография, бейнелеу өнері және Қасиетті Қазақстан атты 5 бағыт бойынша барлық білім беру бейне-сабақтары қолжетімді.

Жалпы алғанда жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын арттыруға қолайлы жағдай жасайды. Сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізуге көмектеседі. Олардың дарынын, қызығушылығын ерте анықтап, одан әрі дамуына ықпал ететін болады»,-деді министр.

***

Министерством запущен культурно-образовательный проект «Ұлағатты ұрпақ».

Об этом в ходе онлайн брифинга в СЦК рассказала министр культуры и спорта Актоты Раимкулова.

Проект разработан для учащихся 1-11 классов и имеет удобный онлайн-формат коротких видео-уроков продолжительностью не более 10-15 минут. Не выходя из дома, ребята могут совершать виртуальные туры по сакральным местам Казахстана, лицезреть лучшие образцы оперного, балетного, драматического искусства, посмотреть интересные казахстанские и зарубежные кинофильмы и мультфильмы, насладиться звучанием удивительных музыкальных произведений, - сказала глава ведомства.

Так, школьникам будет предоставлен свободный доступ ко всем образовательным видео-урокам на сайте madeni-m.kz по 5 направлениям:

- музыкальное искусство;

- театральное искусство;

- кинематография;

- изобразительное искусство;

- Сакральный Казахстан на казахском и русском языках.

Реализация вышеуказанных мер создаст благоприятные условия для увеличения количества занимающихся физической культурой и спортом среди детей и подростков, а также обеспечит занятость детей и поспособствует выявлению талантов у детей на ранней стадии.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mcs/press/news/details/110773?lang=kk

-2