Ахмет Өмірзақ бауырым «Қалдархан аға, мына күнтізбе туралы пікіріңіз қандай?» деп Сайлыбай Бекболатов ағамыз «өзім ойлап таптым» деп жүрген «Мәңгі қазақ календарының» сілтемесін жіберіпті. Мен үшін бұл күнтізбеге жұрттың назарының аууы күлкілі жағдай. Бекен Қайратұлына (Egemen Qazaqstan) берген сұхбатында Сайлыбай ағамыз: «Жаңа күнтізбенің ерекшелігі – жылды 13 айға бөлдім. Бір айда – 28 күн. Жылдық тәулік есебі: 13 × 28 = 364 күн» деп жазыпты. Сайлыбай ағамыз жылды 364 күннен түзе берсек болды, сол күнтізбе болады деп ойлайды. Бірақ кез-келген күнтізбе «интеркаляция заңдарына» бағынады. Бірақ өкінішке орай «Мәңгі қазақ календарынан» ешқандай интеркаляциялық заңдылықты көріп отырғам жоқ. Сол себепті бұл күнтізбені есі дұрыс бірде бір ел қабылдамайды. Тіпті мың патенті болса да, Сайлыбай ағамызды бұрын ойлап табылған нәрсені өзім ойлап таптым дегені үшін «плагиат жасады» деп сотқа тартуы да мүмкін. Жалпы біздің қазақ журналистикасының сорлылығы сол, тақырыпты алдын ала зерттеп алуды білмейді. Егер Бекен бауырымыз ғаламтордан сәл ғана іздесе, дәл осы Сайлыбай ағамыз 25 жыл бойы ізденіп жасап шықтым деген күнтізбені 171 жыл бұрын француз философы Огюст Конт (1798-1857) «мен ойлап таптым» дегенін көрер еді: https://ru.wikipedia.org/wiki/Проекты_стабильного_календаря«В 1849 году французский философ Огюст Конт (1798-1857) предложил календарь с 13 месяцами, каждый из которых длится по четыре недели (28 дней), годы в котором начинаются 1 января, которое всегда приходится на понедельник. Месяцы в его календаре были названы именами Аристотеля, Архимеда, Гомера, Данте, Цезаря, Шекспира и т. п. Недостаток 13-месячных календарей в том, что в них год нельзя разделить на равные полугодия или кварталы». Сайлыбай Бекболатовтан 30 жыл бұрын дәл осы күнтізбені «Тоғыс есебі» деп атаған бірінші адам Мыңбай Өтежанұлы Исқақов (1921-1983) атамыз болатын: «Халық календары, өңд. және толықт. 2-ші бас. – Алматы, Қазақстан, 1980 жыл, 318 бет.». Бірақ бұл күнтізбе «Тоғыс есебі» емес. Тоғыс есебі деген мүлде басқа күнтізбе. Десе де бұл күнтізбенің авторы Сайлыбай емес – біздің данагөй ата-бабаларымыз. Менің пікірімше бұл күнтізбені ойлап тапқан Түркі халықтары. Ол туралы осындағы жазбаларымда жазған болатынмын. Бірақ менің ойыма ата-бабаларымыздың еңбегін пайдаланып кету туралы ой тіпті де келген емес...
380-ші Қара пайым-сөз: Ұяты жоқ адамдар ата-бабаларымыздың сүйегінен аттаудан тайынбайды...
5 ноября 20205 ноя 2020
1 мин