Дүйім жұртқа Абайды таныту арқылы өзі де танымал болған тұлғаның бірі Мұхтар Әуезов екені айтпаса да белгілі. Жалпы қазақ зиялыларының арасында Абайды зерттемеген, Абайға шығарма арнамаған адам жоқтың қасы. Абайдың мол да мағыналы мұрасы қаншама таланттың шығармашылығына шабыт берген. Қазақтың тұңғыш суретшісі, кескіндеме өнерінің шебері Әбілхан Қастеев үшін Абай тақырыбы қашан да маңызды болған.