Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

376-шы Қара пайым-сөз: Адам айтса нанғысыз нәрселер бар, сол себепті «жын-шайтан» деп текке айта бермеңіздер

Күні кеше (28.10.2020 жыл) «Алаш Айнасы» интернет-порталында «Жындарға дастарқан жайғызған Мәшһүр Жүсіп әулие» https://alashainasy.kz/gazhaip/jyindarga-dastarkan-jaygyizgan-mashhur-jusp-aulie-150111/деген шағын материал жарияланды. Мұнда жазылған адам айтса нанғысыз деректер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының (1858-1931) өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеумен шұғылданған өз ұрпағы Әсет Пазыловтың еңбектерінен алынды деп көрсетіліпті. Қазақтың ұлы ойшылы, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы деп жүрген Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «тылсымды» меңгерген қасиеті бар екенін бірінші рет оқып, өзім де таң болдым (жоғарыда берген сілтеме бойынша жазбаны өздеріңіз оқып алыңыздар). Менің айтайын дегенім басқа. Тағдырымның пешенеге жазуымен 1991-1995 жылдар арасында муфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы басқарған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында «ИМАН» атты республикамыздағы тұңғыш исламдық діни таным газетінің Бас редакторы болып қызмет атқардым. Осы төрт жылдың ішінде «ғажайыптар болмайды, ол тек ертегіде ғана болады» деген КСРО-ның коммунистік идеологиясы миымызға сіңірген материалистік философияны, оның заңдары мен категорияларын, кванттық физика, органикалық химия және т.б. ғылымдардың заңдарын тәрк ететін біраз істерді көрдім. Кванттық физикада «мүмкін емес» деп есептелетін «Einstein-Rosen bridge or wormhole» деген теория бар. Бұл терминдерді тікелей қазақшаға аударғанда «Эйнштейн-Розен көпірі немесе құрт жеген қуыс не көртышқан іні (червоточина или кротовая нора)» деген мағынасыз аударма шығады. Түсінікті тілмен мұны «телопортация» (әлемнің бір бұрышынан екінші бұрышына қас-қағым сәтте жету) деп атайды. Мысалы, Қожа Ахмет Йассауи бабамыз және көптеген софылық жолды ұстанған ғұламалар «Таң намазының сүннетін Түркістанда, іле-шала оқылатын парызын Меккеде оқыған» деген деректі бәріңіз де білесіздер. Бұл «күлкілі ертегі» дейміз, бірақ расында арнайы дұғаларды оқу арқылы осылай жасауға болады. Қазақта оны «тылсым» деп атайды. А.Эйнштейн өмірінің соңында суфизммен шұғылданып, осы жайлар туралы білген. Тіпті оны жасырын софылық жолды қабылдағаны үшін АҚШ-тың ОББ (ЦРУ) «құпия өлтірген» деген деректер бар. Бірақ бұл істерді адамдардың жасауына қасиетті Құран Кәрімде тыйым салынған. Сол себепті «жын-шайтан» деп текке айта бермеңіздер, біз олардың алдында мүлде қауқарсызбыз. Тек намаз оқып, оразамызды тұтып жайымызға жүргеніміз әлдеқайда дұрыс...