Кешегі күні «Кәрі арыстан ішерін ішті, жеді – көкжиекте оны өлтіретін жас арыстан көрінді» деген жазбама, біраз оқырмандарым «Алла қаласа» деп қолдау білдіріп жатса, әдеттегіше «қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деген мақалымыздың бүгінгі тірі кейіпкері Токберген Байтасов бауырым «быды-быды» деген түсініксіз пікірін жазыпты. Осымен жылы жауып қоя салуға да болар еді, бірақ осы пікір жазбаның ішіндегі: «Болмаса Қалдарқан да ата тегінің ақ нәсіл-номад екенін, Керилица Кер бабадан қалған Руно жазбасының жалғасы екенін біліп Ов евте екі таңбала алфабиттен тараған түсініп қазақ рұқын көтеруге қызмет жасар еді» деген жолдар елең еткізді. Көп қазақтың бірі болып, көп уақыттар бойы «Қазақтың латын әліпбиінің» өзім дұрыс көрген жобасын жасағанда, әуелі латын әліпбиінің түп-төркінін зерттеген едім. Сізге өтірік, маған шын, бүгінгі күні таудай табынып отырған грек және латын әліпбилерінің түп-төркіні түркі жұртының «руникалық әрпінен» бастау алатынын көріп, дереу «Academia.edu» веб-сайтына ағылшын тілінде мақала жариялаған болатынмын: https://www.academia.edu/41120150/Kazakh_latin_alphabetБұл мақаламда біздің заманымызға дейінгі 8-7 ғғ. жазылған деп дәлелденген Нестор-Питекуссай (Nestor's Cup Pithekoussai) кесесіндегі грек әліпбиінің нұсқасы мен Дуэнос үш құмырасындағы (Duenos inscription) латын әліпбиінің нұсқасын Есіктегі Сақ қорғанынан табылған күміс зереншедегі руникалық жазбамен салыстырған едім. Бұл үш көне жазуды біріктіретін ортақ заңдылық, әріптердің бүгінгідей солдан оңға қарай емес, оңнан солға қарай жазылуы болатын. Мақаламның түйініне, егер еуропа ғылымы руника жазбасын танымаса, дания лингвисті Вильгельм Л.П.Томсен (1842-1927) 1893-96 жж. арасында «Ежелгі түркі жазуын» (орхон-енисей жазбалары) ешқашан да оқи алмас еді деп нүкте қойдым. Мақаламның дәл ортасына, «мә, сендерге керек болса» деп, көлемі әлгі еуропалықтардың жазу жазылған екі-үш кесесінен мың есе үлкен «Күлтегін ескерткішінің» фотосын және орналастырып қойдым. Қазіргі уақытта бұл мақаламды оқыған қазақ сияқты ғылымы мойындалмай отырған елдердің ғалымдары: «Қалдархан мырза, европаны орынды мұқатыпсың» деген тақырыпта хаттар жазады. Ал еуропа ғылымы не уәж айтарын білмей тым-тырыс отыр. Айтайын дегенім, Тоқберген мырза, жалпы ойыңыз дұрыс, бірақ бүгінгі орыстың кирилл әліпбиі (шамамен 863 жылы ағайынды екі грек азаматы Константин (Кирилл) Философ пен Мефодий ойлап тапқан) грек әліпбиінің негізінде жасалғанын ұмытпаңыз. Шығармашылығыңызға шабыт тілеймін...
370-ші Қара пайым-сөз: Кирилл әліпбиін – орыстар емес, гректер ойлап тапқанын біліп жүріңіздер
2 минуты
27 октября 2020