Қазір күллі әлемнің құлағы қайшыланып отырған қиын кезең болып тұр. Бұрын туристерді қарсы алуға құштар мемлекеттер, қазір елінің шекарасынан өткен адамды ұятты жиып қойып, асты-үстін түгел төңкеріп қарайтын қояндай қалтыраған жағдайға жетті. Осы атың өшкір «Тәжі-дерт» індеті тараған Қытай елі қазір індет мүлде тарамайтын елге айналды. Тек осы 2020 жылы қытайлардың саны 7 267 996 адамға өсіп, 1 415 794 445 адамдарды құрайтын болады. Күллі әлемдегі қазақтарды елімізге қуып алып келіп, біреулеп санасақ та, біздің санымыз 10 млн. (жалпы 18 632 169 адам) әзер асатыны (әлде аспайтыны) белгілі. Сонда біздің санымыз қытайлардан 141-142 есе аз болып шығады. Бірақ соған қарамастан, әлем бойынша «Тәжі-дерт» індетін жұқтыру статистикасында (27.10.2020 жыл) қазақтар 44-ші орынды (110 684 адам жұқтырды, 1796 адам өлді), қытайлар 54-ші орынды (85 826 адам жұқтырды, 4634 адам өлді) иемденіп отыр. Екі елдің халық санының пропорциясын салыстырғанда «бұл қалай болғаны?!» деген сұрақтың көкейімізге кептеліп қалатыны сөзсіз. Дәл осы арада, жалпақ шешейлікке салып: «Өй, бізді қойшы, анау АҚШ-ты (8 962 783 жұқтырды, 231 045 өлді), Үндістанды (7 946 429 жұқтырды, 119 535 өлді), Бразилияны (5 411 550 жұқтырды, 157 451 өлді), Ресейді (1 531 224 жұқтырды, 26 269 өлді), Францияны (1 165 278 жұқтырды, 35 018 өлді), Испанияны (1 156 498 жұқтырды, 35 031 өлді), Аргентинаны (1 102 301 жұқтырды, 29 301 өлді), Колумбияны (1 025 052 жұқтырды, 30 348 өлді) айтсаңшы, масадай қырылып жатыр ғой» деп өзімізді алдарқату, ауыр қылмыспен тең. Менің – Қытай, АҚШ, Үндістан т.б. шаруам да, шатағым да жоқ, мені тек қазақтар ғана қызықтырады. Сонымен тағы да сұрағымды қайталаймын, неліктен бұл індетті қытайлар қазақтардан аз жұқтырып жатыр, дайын жарытымды жауабыңыз бар ма?
372-ші Қара пайым-сөз: «Тәжі-дерт» індетін қазақтар қытайлардан неге көп жұқтырады, сол логикаға сыймайды
27 октября 202027 окт 2020
1 мин