Найти в Дзене

Кел татуласайық. Зорлаушыны ақтайтын программа

Кел татуласайық. Зорлаушыны кешіруге бола ма?

Қазіргі күнде көптеген телебағдарламалар көбейіп кетті. Ол бағдарламалар ішінде жақсысы да бар немесе бүгінгі мақалаға арқау болған <Кел татуласайық > сияқты адами құндылықтарды төмендететін бағдарламалар бар.

«31 арнада» күн сайын «Кел, татуласайық!» реалити-шоуын көрсетіп жатыр. Басталғанына бірнеше ай болды. Атауы айтқандай, жобаның негізгі мақсаты да ренжіскен адамдарды татуластыру. «Жаңа репортер» медиасыншысы Нәзира Дәрімбет «Кел, татуласайық!» реалити-шоуы кімдерді қалай достастырып жатқанына шолу жасады.Татуласу, араздықты жою өте жақсы дүние екенін бәріміз де білеміз. Міне, дәл сондай оймен «Кел,татуласайық!» реалити-шоуын көріп бастадым. Қатысушылар оқиғасы бағдарламаның алғашқы эфирінен басталып, әлі созылып келе жатыр. Кейіпкерлер – түрлі тағдыр иесі, әралуан отбасынан шыққан. Алайда кейде олардың татуласу мәселесі шет қалып, тағы бірде кейіпкерлер мақсаты өзгеріп жатады. Кейде тіпті татуласу ақылға сыймайтынын аңғарасыз.Мәселен, бағдарлама студиясына келген 18 жасар Қызғалдақ Талғатқызы өзін 14 жасында үш жігіт зорлағанын айтады. Жігіттерді соттаған, бірақ түрмеге жаппаған, бостандықта жүр. Бірнеше шығарылымнан кейін Қызғалдақтың әкесі кәмелет жасына толмаған қызын зорлағандарды кешіріп, өзара келісімге келгені, екі жақтың келісімімен іс жабылғаны анықталады. Міне, осы кезде жоба авторларының кімді қалай татуластырмақ болғаны айқындала бастайды. Зорлаушы мен жәбірленушіні татуластыру мүмкін бе?!

Казахстанцы подписывают петицию о закрытии шоу "Кел, татуласайық!" ("Давайте мириться!") на "31 канале", в котором обсуждалось дело об изнасиловании. http://catcut.net/K7HO осы ссылка арқылы өтіп каналға бағдарламаның жабылу туралы петиция жазуға болады.

Қызғалдақ атты кызымыз
Қызғалдақ атты кызымыз