Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

363-ші Қара пайым-сөз: Судың да сұрауы бар, ал ақшаның сұрауы судан да сұмдық болары сөзсіз

Біздің қазба байлықтарымыздың, жер қойнауындағы мұнай-газдың ақшаларының қайда кетіп жатқанын ешкім де білмейді. Бұл жабық ақпарат. Егер бұл ақпараттың соңынан түсіп, мұрныңды сұқсаң, туыстарың мұрның түгіл мүрдеңді де таппай қалады. Сонда біз осы уақытқа дейін немен күнелтіп келдік? – деген орынды сұрақ пайда болады. Ол қаражаттың біразын 4-5 пайыз түріндегі жер қойнауымыздың байлығының «сарқыты», сіз бен біз төлеген салықтар, ал қомақты бөлігін Еуропа мен Қытайдан алған «қарыз ақшалар» құрап келгені белгілі. Егер анықтап-нақтылап жазсам, біріншіден Сіздер нұқыл цифрдан тұратын жазбаны оқымайсыздар, екіншіден бұл менің өміріме қауіп тудыратындықтан, оған тереңдеп бойлағым келмейді. Бірақ «көзіңді қысқанды Құдай көрмей ме демекші», мұның бәрі бір жерден бір күні «бұлт» етіп шығатыны белгілі болатын. Қазіргі «Тәжі-дерт» індеті әлі де запаста бар бірер жылдарды тездетіп өткізіп, осы бұлтиманың аяқ астынан «бұлтиып» шығуына себепші болды. Бүгін ҚР Парламентінде «бұл өзі не болып кетті» деп депутаттар шу етіп «2021 жылы ІЖӨ (Ішкі жалпы өнім)-нің 30,3%, 2022 жылы 30,5%-ын қалай төлейміз» деп ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленовтің «жас бала құсап» былдырлаған жауабына «Африка елдері болмағанда неміз қалды?» деп Парламент Спикері Нурлан Нигматулинның жыны қозды. Бірақ, сол жерде отырғандардың бәрі де осылай болатынын білген еді: https://lsm.kz/gosdolg-k-koncu-goda-priblizitsya-k-limitu?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop2025 жылы Үкіметтің қарызы 2019 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп 25,6 трлн. теңгені құрағалы отыр. Демек, қазақ елі одан әрі қарызға батудан басқа амал жоқ екендігін мойындап отыр. Бұған дейін Қырғыз елі Қытайдан алған қарызын өтей алмай жерін берсе, таяуда Тәжікстан өз аумағының 10 пайыз жерін Қытайға «өз қарызын жабу түрінде» ресми түрде рәсімдеп бергені белгілі. Қазақта құдайға шүкір жер көп қой, көппен көрген ұлы той, біз де қытайға жер береміз, тек әлгі қытай оңбағандар жерді дәл Қазақстанның ортасынан ойып тұрып сұрамасын деп тілеңіз...