Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

349-шы Қара пайым-сөз: Әй, айналайын қазақ, құжаттарға абайлап қол қоймасаң, өмірем қабасың...

Күллі әлемде, соның ішінде Қазақстанда адам миына сыймайтын істер, әрекеттер, оқиғалар және т.т. болып жатады. Олардың бәрін теріп, тәптіштеп жазып отыруға уақыт жоқ. Бүгін мына ақпаратты көзім шалып қалды: https://news.mail.ru/society/43773423/?frommail=1«За два дня на портале электронного правительства Egov.kz казахстанцы оформили около 500 заявок на согласие или отказ от посмертного донорства. Минздрав дает такие данные. Только позавчера внедрили эту услугу, и уже подано около 500 заявок – 60 согласий и 400 отказов». Сауаттары жоқ қазақтар, орысша жазылған бұл сөздердің астарында не жатқанын түсінбесе керек. Мұндай ұсыныс Ресейде 1990 жылдары болғанда, «Городок» деген әзіл-сықақ киносында Илья Олейников осындай шартқа қол қоюшы (донор), ал Юрий Стоянов әлі тірі осы донорды өлтіруге келген киллердің ролін ойнаған еді. Осы кинодан кейін бұл заңды Ресей Думасы жөргегінде тұншықтырып өлтіріп тастаған болатын. Әлгі киноның ең қызық жері мынау: «Киллер есік қағады, Донор есік ашады. Киллер донорға шартты көрсетіп, мынау сіздің қолыңыз ба? – дейді. Донор ыржиып: Ия, бұл менің қолым, бірақ мен әлі өлген жоқпын, тірімін ғой – дейді. Сонда киллер донорға: «Мен осы проблеманы шешу үшін келіп тұрмын, бізге сіздің жүрегіңіз керек болып тұр?» дейді. Әрі қарай не болғаны енді Сізге түсінікті шығар...