Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

348-ші Қара пайым-сөз: «Тоғыс есебі» тек Тоқбергенге керек сияқты әсер пайда болып жүр...

«Тоғыс есебі» күнтізбесі туралы жаңа дәріс жазсам болды, ең бірінші болып Токберген Байтасов бауырым бірінші болып пікір жазады. Басында «Тоғыс есебін» үйренуге ыстық ықылас білдірген оқырмандарымның қарасы көрінбейді. Бұдан олар «Тоғыс есебін» үйреніп алған болуы керек немесе менің дәрістеріме «пішту» деді деген қорытынды жасауға болады. «Тоғыс есебі» тек Тоқбергенге керек екен ғой деп, ішім жылып, жазған пікірлерін оқысам, түк түсіне алмаймын. Мүмкін Токберген Байтасовтың жазғандарын Сіз түсінерсіз: «Тоғыс есебі күнтізбемен байланысты емес, өткен заман уақиғаларының уақыттық қуатқа замандық тағдырға айналып қайта оралуы яғни жұлдыздардың айға әсерінен пайда болады». Мен ешнәрсе түсіне алмадым. Басына викингтер сияқты қалпақ киіп алатын Тоқаңды қазақ халқына жанын салып лекциялар өткізіп жүргені үшін құрметтеймін. Бірақ, құрметті Тоқа, ғаламдағы бүкіл сырдың бәрін бірдей білетін адам жоқ. Әркім өзі зерттеген саласын ғана жақсы біледі. Мысалы, мен шынымды айтсам Сіздің «YouTube»-тағы арнаңызды мұқият тыңдап, оқырманға не айтқыңыз келетінін бәрібір еш түсіне алмай қойдым. Айтайын дегенім, білмейді екенсіз, білем деп өзеуремей, тым болмаса тыныш отыратын студент болсаңызшы. Кім біледі, «есепке жатқызу» (зачет) бағасын алып қаларсыз...