1962 жылы АҚШ-тың 35-ші Президенті Джон Кеннеди https://www.theatlantic.com/science/archive/2019/07/apollo-moon-landing-jfk-speech/593899/: «Біз Айға оңай болғандықтан емес, керісінше өте қиын болғандықтан ұшқалы отырмыз, өйткені бұл әлемде барлық нәрседе бірінші болудан туған заман талабы» деген болатын. Мен Сіздерге «Тоғыс есебін» түсіну оңай болғандықтан емес, қиын болғандықтан үйреткелі отырмын. Қазақ әдетте ауырдың астымен, қиынның үстімен жүруге үйренген халық. Сәл бірдеме болса «ойбай, мен мұны істей алмаймын» деп шебін дұшпанға беріп, шегіне салады. Бірақ үнемі шегіне отырып – жеңіске, байлыққа жету мүмкін емес екенін әр қазақ түсінбейінше, біздің ел болуымыз елеске айналып ұзай береді. Еркелікті қойып, тезірек ер жетуіміз керек. Парақшамдағы кейбір жастар, маған «Тоғыс есебін» тез үйретіңізші, мен үйреніп алайын дейді. Күлкім келеді, мен 35 жыл өмірімді сарп етіп, әзер дегенде түсінген (Алла жәрдем бермегенде, түсінбеуім де мүмкін еді) нәрсемді, Сіздерге қалай тез, оңай түсіндіріп бере аламын. Егер «Тоғыс есебі» түсінуге оңай күнтізбе болса, күллі әлем қазіргі Ай, Күн күнтізбелерінің орнына осы күнтізбені қолданып жүрер еді. Мен қазіргі кезде мынадай байламға келдім: ата-бабаларымыз болашақта ұрпақтарының азып-тозып, өркениеттің көшінің соңында қалатынын білген сияқты. Қазақтың қайтадан өркениет көшіне ілесуіне мүмкіндік беру үшін осы Тоғыс есебін ойлап тапқан сияқты. Егер қазақтар осы «Тоғыс есебін» меңгеріп, елімізде осы күнтізбе енгізілсе, білімді-саналы еуропа өркениеті қазақпен санасатын болады. Себебі «Тоғыс есебін» еуропаның өзі мың жыл өтсе де ойлап таба алмайтынын Питер мойындап кеткен еді. «Тоғыс есебі» болашақты болжап жасалған ежелгі қазақтың ғаламат туындысы және жетістігі екенін әрбір қазақ білуі тиіс.
346-шы Қара пайым-сөз: «Тоғыс есебі» болашақты болжап жасалған ежелгі қазақтың ғаламат туындысы
15 октября 202015 окт 2020
1 мин