Ахмет Өмірзақ бауырым: «Қозғап жүрген тақырыбыңыздың күрделі екені белгілі. Тек соны көпшілік толық түсініп танитындай қарапайым түрде түсіндірсеңіз жөн болар. Мәселен, Тоғыс есебі деген не, оның құрылымы қандай, күнтізбе ретінде қалай пайдалануға болады, ондағы апта, ай күндері қандай тәртіппен орналасады? Өзге күнтізбелерден қандай айырмашылығы бар, ерекшелігі неде? Осылай ретімен қарапайым түрде талдап, жіктеп берсеңіз жұртқа таралуы жеңіл болар еді» деп пікір жазыпты. Бұл айтуға ғана оңай. Мысалы, https://kk.wikipedia.org/wiki/Тоғыс_есебісілтемесінде, Тоғыс есебі туралы төмендегіше жазылған: «Тоғыс есебі – уақыт есебінің Үркер шоқжұлдызы бойынша жүргізілетін жүйесі, яғни Үркерге негізделген календарь. Ай орағының немесе ай табағының Үркерді «басып өтуі» тоғыс, тоғысу немесе тоғаю деп аталады. Тоғыс кезінде аспан сферасының Үркердің айқын жұлдызы Айдың арғы жағында, тасада қалады да, жердегі бақылаушыға көрінбейді. Ай ақырын жылжып өткеннен кейін тоғыс аяқталып, Үркер көрінеді. Ай мен Үркер үнемі тоғыса бермейді. Тетелес келетін екі тоғыстың аралығында өтетін уақытты қазақ халқы тоғыс айы деп атайды. Оның ұзақтығы жуық түрде 27,32 тəулік, яғни 27 күн 7 сағ 43 мин. Мұны жуық түрде 28 күн деп есептесек бір жылда 28 × 13 = 364 күн болады. Сондықтан Ай мен Үркер жыл ішінде 13 рет қана тоғыса алады, яғни бір жылда 13 тоғыс айы болады. Жаздың басында Үркер аспан сферасының екінші жақ жартысында кетеді де, Жер шарының солтүстік жартысындағы елдерге 40 күндей көрінбейді. Біз 11 тоғысты ғана көре аламыз. Үркерді бір жаңасындағы Ай орағы жауып өткеннен кейінгі 4 апта уақыт 1 тоғыс айы деп аталады. Сондай-ақ, 3,5,7..., 25 тоғыс айлары болады, бəрі де 28 күннен құралған». Егер «Тоғыс есебі» туралы осы жазылғандар жеткілікті деп есептесеңіздер, мен әрі қарай жазба жазуды доғарайын. Қойған сұрағыма жауаптарыңызды күтемін!
338-ші Қара пайым-сөз: Екінші дәріс: «Тоғыс есебінің» ғаламтордағы сипаттамасы мүлде дұрыс емес
12 октября 202012 окт 2020
1 мин