Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

334-ші Қара пайым-сөз: Атамыз қазақ «Жақсысын айтып, жаманын таяп қой» деп текке айтпаған ғой

Парақшамдағы жазбаларымды оқыған кейбір оқырмандар «Құдай-ау, мынау Асанқайғы-Қалдархан, қазақты бүкіл болмысымен жек көретін нағыз қызылкөз пәле ғой» деп ойлай бастаған сыңайлы. Күдіктенбеңіздер, «Мен Сіздерді шынымен де жақсы көремін...» (59-шы Қара пайым-сөз: https://zen.yandex.ru/media/id/5f114bd6e99a7e1d3a011730/59shy-ara-paiymsz-men-szderd-shynymen-de-jasy-kremn-5f22339d8e325d3eaef5cfc1). Төмендегі цифрларды ой елегінен өткізіп ойланып қараңыз, Құдайға әкесіндей еркелеп жүрген қазақтың қазіргі бейқамдығы дұрыс па?

1) Қытай елінде – 9 598 962 км² [әлемде 3-ші орынды алады] аумақта 1 404 328 611 адам бар, яғни 1 км² – 146,3 адам қысылысып өмір сүреді.

2) ЕуроОдаққа кіретін 27 «азулы» елде – 4 236 351 км² аумақта 453 007 803 адам бар, яғни 1 км² – 106,9 адам қысылысып өмір сүреді.

3) Ресей елінде – 17 125 191 км² [әлемде 1-ші орынды алады] аумақта небәрі 146 748 590 адам бар, яғни 1 км² – небәрі 8,56 адам өмір сүреді.

4) Қазақ елінде – 2 724 902 км² [әлемде 9-шы орынды алады] аумақта небәрі 18 690 200 адам бар, яғни 1 км² – небәрі 6,82 адам өмір сүреді.

Қазіргі заман салыстырмалы түрде біршама тыныш. Бірақ солтүстік және оңтүстік полюстегі, Гренландиядағы мұздар еріп, Тынық мұхиттағы шағын аралдар бірте-бірте су астында қалып жатыр. Көп ұзамай ЕуроОдақ, Қытай, Ресей аймақтарын физика-география заңына сай су баса бастайды. Көзге сүйел немесе түлкінің әдемі қызыл терісі сияқты болып қалатын қазақтың жеріне су ең соңынан келеді. Әлем ғалымдары бұл құбылыс таяудағы 50-60 жылда болады деп отыр. Міне, сол кезде жаны қысылған ЕуроОдақ, Қытай, Ресей және т.т. қазақтан рұқсат сұрамастан елімізге-жерімізге баса-көктеп кірері анық. Атамыз қазақ «Жақсысын айтып, жаманын таяп қой» деп текке айтпаған ғой. Осыны ойлап жүрген қазақ бар ма екен арамызда?