Егер осы жазбамды байыптап оқысаңыз, оқырманым Айтжанова Айбарша сияқты «Ойласам оянып кетемін, содан ұйқым келмей қояды!» дейтініңіз анық. Бұрын жылдап өзгермейтін адамзаттың өмірі, әлемдік саясат, соңғы кездері көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Логикаңызды іске қосып, қазақ елінің асты да, үсті де бай жер аумағын, дамудың шырқау шегіне жеткен ЕуроОдаққа кіретін 27 елдің жер аумағымен салыстырып, содан соң логикаңыздың «газын басып» ойланыңыз:
1) Қазақ елінде – 2 724 902 км² [әлемде 9-шы орынды алады] аумақта небәрі 18 690 200 адам бар, яғни 1 км² – небәрі 6,82 адам өмір сүреді.
2) ЕуроОдаққа кіретін 27 «азулы» елде – 4 236 351 км² аумақта 453 007 803 адам бар, яғни 1 км² – 106,9 адам қысылысып өмір сүреді.
3) ЕуроОдақ 2000 жыл ішінде бүкіл жер асты, жер үсті шикізат ресурстарын түгел сарқып болды. Әуелде олар «азуларын Айға білеп» Ресейді құлатып, жерін бөлшектеп алмақ болды. Бірақ В.В.Путин қару-жарақтың түр-түрін шығарып, бұл құйтырқы саясатқа жол бермеді.
4) Қазір ЕуроОдақтың назары соншама ғаламат зор байлықтың үстінде отырған – билігі парақорлыққа белшесінен батқан, ал халқы ойлана алмайтын надан, жалқау, тоғышар, әрі қорқақ қазақтың жеріне түсіп отыр. Жан-жағымыздағы алаулап жана бастаған оттар осы апаттың бастамасы деп біліңіз.
5) Қазақты қорғайтын – Біріккен Ұлттар ұйымы, халықаралық шарттар және т.т. бар емес пе деп бейқамдық танытып, «желдің қайдан соғатынын» байқамасаңыз, онда құрыған жеріміз осы болады!