Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

327-ші Қара пайым-сөз: Менің арманым ата-бабаларымыз қолданған «Тоғыс есебіне» қайта оралу

Көшпенділер – деп айтқанда, тек қазақ емес, оның ішінде қырғыз, моңғол және т.б. ұлттар мен ұлыстар бар екенін назарымызда ұстауымыз керек. Қазіргі көшпенділердің ұрпағы, бұрын құлақкесті құлдарымыз болған ұлттардың (орыс, қытай т.т.) әдейі қолдан жасаған «мясорубкасында» фарш болып, миы айналып қалды. Бұл терең жарақатты тек уақыт қана емдей алады. Ал уақыт – күнтізбемен тығыз байланысты. Осы себепті мен ата-бабаларымыздың ежелгі күнтізбелерін зерттеп, шамам келгенше қалпына келтірдім. Байқап қарасаңыздар – Ай күнтізбесін арабтық ислам діні, Күн күнтізбесін еуропа, АҚШ христиандары, Ай-күн күнтізбесін қытайлық Буддизм, даосизм «жекешелендіріп» алғанын көресіздер. Барлық үлкен державалардың өз күнтізбелері бар. Түркі халқы ежелден – жұлдыздық айға негізделген «Тоғыс есебін» қолданды. Соның арқасында қаһарлы империяға айналып – бүкіл Евразияны толық биледі. Көп ғасырлар бойы дұшпандарымыз «Тоғыс есебін» біздерге мәжбүрлеп ұмыттырып, өздерінің күнтізбесін мәжбүрлеп таңды. Біздер қазір сол қамытты киіп жүрміз. Менің арманым ата-бабаларымыздың «Тоғыс есебіне» қайта оралу. Оған толық алғышарт жасап қойдым. Тек қазіргі мәңгүрттенген мемлекетіміз бен батысшыл билік қана бұл идеямды дұрыс ұқпай отыр. Қазіргі уақытта «Тоғыс есебі» бойынша уақытты алдын ала дәл айтып, оның табиғатпен байланысын жазып жүргеніме куә болып жүрсіздер. Айтпақшы, ертең-арғы күндері (12-13.10.2020 жыл) Ай мен Қамбардың әйгілі тоғысы басталады. Бүгін Алматыда күннің шайдай ашық, жылы болып тұрғанына қарамастан, кең байтақ жеріміздің көп бөлігінде әдеттегіше ауа райы күрт бұзылып, күн суытуы, жаңбыр немесе қар жаууы мүмкін. Қазір қолданып жүрген Ай, Күн және Ай-күн күнтізбелерінде «Тоғыс есебі» сияқты табиғатпен тығыз байланысқан қасиет жоқ. Жалғасы бар...